237
Мониторинг кезеңі
, ата-аналардың тілегінің қаншалықты жүзеге
асқанын, жүргізілген педагогикалық жұмыстардың ата-анаға пайда
келтіргенін бақылау және жетілдіру.
1. Отбасын әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан ағарту кезеңі.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын реттеу үшін оларды
балалармен бірге үйірмелік, спорттық т.б. жұмыстарға қамту.
- ата-ананың баламен қарым-қатынасын дамыту үшін баламен
отбасында мәдени қарым-қатынас орнату
жайлы әңгіме өткізу;
- ата-ана мен балалардың бірімен-бірінің сыйластығын арттыру
мәдениетін қалыптастыру.
2. Бала, ата-ана және мектептің өзара құқықтық әрекет-тестігі:
- бала мен үлкендердің өз құқықтарын білуін қамтамасыз ету;
- «Мектеп өмірінің кодексін» жасап, оны талқылауға ата-аналарды
кеңінен араластыру.
Осы бағдарламаны жүргізу үшін сынып жетекшісі ата-ана-лармен
түрлі сабақ формаларын: әңгіме, дәріс, іскерлік ойындар өт-кізеді. Мектепте
педагогтар арасынан өз бастамаларымен арнайы топ құрып, бұл жұмысты
қызықты етіп өткізуге болады. Алдыңғы қатарлы тәжірибені талдау
барысында, оны жетілдіріп, барлық педагогтардың
ортақ тәжірибесіне
айналдырған абзал.
Отбасында ата-аналар мен бала арасындағы қайшылықтарды
болдырмау мақсатында мектеп пен отбасындағы қарым-қатынас пен
ынтымақтастықты арттыру көзделеді. Ата-аналармен педагогикалық сабақ
жүргізу барысында олармен ынтымақтастықты арттыру үшін сауалнама
жүргізіп, алдағы жұмыстардың бағытын анықтауға болады.
3. Ата-аналар жиналысын өткізу. тақырыптары:
«Сіздің балаңыздың туған күні», «Біз айтатын өнегелі сөздер», «Біз
балаларды туған елін сүюге үйретеміз бе?», «Осы заманға адам-ның
өміріндегі күрделі және өткір мәселелер», «Қазіргі заман адам-дарының
өмірлік құндылықтары», «Өмірдің адамгершілік заңы», «Адам - өз өмірі
жайлы», «Экологиялық зардаптар» т.б.
4. Отбасын түрлі ұйымдар мен арнайы мамандармен байланыстыру.
-
үкімет құрылымдарымен байланыстыру:
денсаулық сақтау,
халықты әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру орталығы, спорт және
мәдениет комитеті, тәртіп бұзушылықтың алдын алу бөлімі, кәмелетке
толмаған балалар инспекциясы;
-
отбасына көмектесетін орындар: қиын балаларды қалпына келтіру
орталықтары, балалар үйі, психологиялық-медициналық қыз-мет, отбасымен
жұмыс атқаратын орталық, наркологиялық, психонев-рологиялық диспансер
т.б.;
-
басқа саланың мамандарымен кездестіру: дәрігер,
қосымша білім
беру жүйесінің педагогтары т.б.
238
5. Түрлі отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс:
ата-
ананың қарауынсыз қалған балаларды анықтау; олардың тұрмыс жағдайына
және тәрбиесіне назар аудару; оларды тәрбиеге алған адамдарға көмек
көрсету шараларын қарастыру; олардың құқығын қорғау; құқық-тарымен
таныстыру;
К
өп балалы отбасылар:
мектеп тарапынан бала тәрбиесіне және
материалдық
көмек беруге көмектесу, отбасындағы бос уақытты өткізуге
кеңес беру, еңбекке баулу, құқықтарымен таныстыру;
Толық емес отбасылар:
қосымша көмек алу жағдайын қарасты-ру,
психологиялық-педагогикалық консультация ұйымдастыру, тәртіп бұзудың
алдын алу, тәрбиеге практикалық жағынан көмек беру, заң-мен қаруландыру.
Күрделі отбасылармен жұмыс:
отбасы мәселелерінің даму-үрдісін
зерттеу, оларға психологиялық және педагогикалық көмек көрсету,
құқықтық құжаттармен таныстыру.
Достарыңызбен бөлісу: