317
Л.В. Занков түсiнiктiлiк ұстанымын жетiлдiрiп,
оқытуды жоғары
қиындық деңгейде және материалды жоғары қарқынмен оқытуды
ұсынды.
Ол оқу жұмысының тиiмдiлiгi оқушының ақыл-ойының дамуын қамтамасыз
етумен және кездескен қиындықты жеңе бiлуiмен iске асырады деп
есептеді.
Ақыл-ой, таным үдерiсi
оқушының зейiн қою қабiлетiн, талдау-
жинақтау әрекетiн және ерiк-жiгерiн жетiлдiрудi қажет етедi. Оқытуды
жоғары қиындық деңгейiнде жүргiзу - оқушыны белсендi танымдық iс-
әрекетке жұмылдыру,
бiлімге ынталандыру, қажеттi мөлшерде шығар-
машылық жаттығулар берiп, ақыл-ойын жаттықтыру, яғни жақсы және
нашар оқитын оқушыларды оқу еңбегiне
бiрдей жаттықтыруды белгі-
леді.Л.В.Занков ұсынған түсiнiктiлiк ұстанымын практикада кең ма-ғынада
қолдану, оқу мазмұнының көлемiн ұлғайтып, теориялық деңгейiн
күрделендiрдi.
1960-70-ші жылдары дамыта оқыту теориясы оқушының ақыл-ой
қабiлетiн дамыту әдiс-тәсiлдерiне
барынша көңiл бөлгенімен, оқы-ған
материалды есте сақтатуға жете назар аудармады. Дидактикада оқу
материалын есте сақтау деген мүлде естен шығарылып, ол механи-калық
жаттау ұғымымен теңестiрiлдi. Оқу-танымдық үдерiс барысын-да оқушының
материалды игеруi үшiн есте сақтау
қабiлетi қалыптасуы тиiс, әйтпесе
ешқандай бiлiм көлемiн игеруге болмайтыны белгiлi.
Достарыңызбен бөлісу: