311
стандарттарымен салыстыра отырып анықтау. Ол баға түрінде (балл
бойынша) немесе мұғалімнің ауызша баға беруімен көрсетіледі. Тексеру мен
бағалау - білім берудің мақсатынан тұрады, білім алудың әр кезеңіндегі
нәтижелерінен; бақылау жұмыстарын тандаудан, мысал-дар мен тексерудің
нәтижелерін көрсете білуден тұрады. Тексеру
мен бағалау бөлімдері өте
тығыз байланысты және бірлікте қаралуы керек.
Ұлттық бірыңғай тестілеу – ҚР білім беру ұйымдарында білім
алушылардың оқу әрекетінің нәтижесін тексеру және бақылау.Білім
алушылардың түйінді құзыреттіліктерінің қалыптасуын және оқу жетістігін
бақылау мен бағалаудың түрлерін, формаларын жаңарту мә-селелері іске
асып жатыр .
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің негізгі міндеттері:
-
барлық деңгейдегі білім беру сапасын институтционалдық
бағалауды іске асыру;
-
білім берудің барлық деңгейіндегі білім алушылардың оқу
жетістіктерін сырттай бағалауды іске асыру;
-
мұғалімдер мен оқытушылардың әрекеттерін бағалау,
оқыту мен
сабақ беру үдерісін жетілдіру;
-
білім беру ұйымдарының білім беру әрекетінің сапасына жүйелі
және салыстырмалы талдау жасау, білім жүйесінің тұрақты дамуын қолдау;
- құқығын қамтамасыз ету үшін қажетті білім жүйесінің жағдай
туралы объективтік ақпарат алу;
-
ашықтыққа жол жеткізу үшін қоғамға ақпарат беру;
-
білім берудің үздіксіз жүйесінің сатыларының арасында бағалау
нәтижелерінің ұштастығын қамтамасыз ету;
-
ұлттық мемлекеттік жалпы міндетті стандарттармен салыс-тыру
үшін халықаралық зерттеу шеңберінде білім алушылардың оқу
жетістіктеріне салыстырмалы мониторинг жүргізу.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі объектілері:
-
меншік түріне және ведомствалық бағыныштылығына қара-мастан
білім беру ұйымдарының қызметі;
-
білім беру ұйымдары жүргізетін тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу және
ұйымды басқару үдерістері ;
-
білім алушылардың оқыту үдерісі
кезінде жеткен оқу жетіс-
тіктерінің нәтижесі;
-
тұлғаның жеткен даму деңгейі.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі принциптері
объективтілік, жариялық, ашықтық, әділдік, кезеңдік, сабақ-тастық,
есептілік, үздіксіздік болып табылады.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі негізгі рәсімдері білім беру
қызметін лицензиялау,
Біріңғай ұлттық тестілеу, мамандарды даярлау
сапасын арттыру, оқушылардың аралық қорытынды емти-ханы, мемлекеттік
аттестаттау,
мемлекеттік
аккредитациялау,
білім
алушыларды
312
қорытындымемлекеттік атестаттау және білім беру ұйымдарының рейтингі
болып табылады.
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі аттестаттау, аккре-
дитациялау, біріңғай ұлттық тестілеу, оқушылардың аралық қоры-тынды
емтиханы рәсімдері арқылы бағалау;
-
білім алушылардың оқу жетістіктерін
және олардың тұлғалық
сапаларының даму деңгейлерін;
-
сыныптың, топтың, пән секциясының, бөлімнің, факультеттің, жеке
мамандықтың, білім беру ұйымдарының, ауданның, қаланың, өлкенің және
жалпы білім жүйесінің оқу жетістіктерін;
-
білім беру ұйымдарының әретін сыртқы бақылау арқылы білім
сапасына тікелей мониторингтік зерттеу арқылы іске асырылады.
-
Білім сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі
көлемінде білім берудің
барлық деңгейлердің сапасына бағалау мен мониторинг енгі-зілді іске
асырылады, оларды жүйелі жетілдіріледі және халықаралық практикаға
сәйкестендіреді, сонымен қатар өлкелік және мемлекеттік деңгейлерде білім
беру ұйымдарының рейтінгі анықталады.
-
«Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2011-2020 жыл-дарға
дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында» білім берудің жаңа
нәтижелері
ретінде
білім
алушылардың
Достарыңызбен бөлісу: