307
1
Білім
Атап өту, есте сақтау, атау, көрсету, аяқтау, қайталау,
елестету, әңгімелеу, еске түсіру және т.б.
2
Түсіну
Талқылау, анықтау, әңгімелеу, сұрау, түсіндіру,
тұжырымдау, түрлендіру, көрсету және т.б.
3
Қолдану
Қолдану, есептеу, өзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау,
көрсету, табу, сахналау, қатыстыру, зерттеу,
эксперимент өткізу,
суреттермен суреттеу, түсіндіру,
жаттықтыру, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау,
көрсету, нобай жасау, шығару, пайдалану және т.б.
4
Талдау
Талдау, топтастыру, есептеу, санаттау, жіктеу,
салыстыру,
байланыстыру,
қарама-қарсы
қою,
талқылау,
саралау,
ажырату,
бөлу,
зерттеу,
эксперимент жасау, түсіндіру, қорытынды шығару,
реттеу, күдіктену, ара қатынасын белгілеу, таңдау,
бөлу, тексеру және т.б.
5
Синтез
Топтастыру, жинау,
араластыру, құрастыру, жасау,
әзірлеу, тұжырымдау, жинақтау, біріктіру, ойластыру,
түрлендіру, ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау,
ұсыну,
қайта
топтастыру,
көшіру,
белгілеу,
алмастыру, қайта анықтау және т.б.
6
Бағалау
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау,
сендіру, дәлел келтіру, шығару,
негіздеу, түсіндіру,
өлшеу, болжау, ұсыну, белгілеу, жинақтау, қолдау,
тексеру, бағалау, кеңес беру, эксперименттеу,
рецензиялау, зерттеу, шығару
Мұғалім білім алушылармен бірлесе отырып оқу мақсатына же-тудің
табыс критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағ-дайда оларды
толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау барысында
мұғалім белгілі дағды-ларды
бағалаудың тиімді тәсілі ретінде топтық жұмыстарды қолдана алады.
Топтық жұмыс барысында мұғалім әрбір топтағы білім алу-шылардың
талқылауын тыңдайды және бақылайды: кейбір білім алушылар бағалау
критерийлеріне сәйкес оқу мақсатына жеткендігін жылдам көрсете алады.
Қалыптастырушы бағалау барысында мұғалім бағалаудың жеке-леген
тәсілін қолдануы тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандайда бір
дағдыны дамыту үшін көп уақыт қажеттігін байқаса, онда оқудың бұл
мақсатын бағалау туралы шешім қабылдауы және білім алушылардың
жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлеу барысында түзетулер енгізуі
тиіс.
Жиынтық бағалау оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақы-рыптарды
оқуды аяқтағаннан кейін және тоқсан соңында білім алушы-лардың
ілгерілеуі туралы ақпаратты балл және баға қоя отырып, мұға-лімдерге, білім
алушыларға және ата-аналарға (білім алушыларды жетістіктерін бағалау
3-тоқсанда басталатын 1-сыныптан басқаларын-да)
жеткізу мақсатында
өткізіледі. Белгілеу үдерісінде білім алушы-лардың оқу бағдарламасы
308
мазмұнына сәйкес білімдері мен дағдыла-рын көрсететін дәлелдер жинау
жүзеге асырылады.
Жиынтық бағалау бойынша жұмыстарды орындау барлық білім
алушылар үшін міндетті.
Жиынтық
бағалаудың
тапсырмаларын
мұғалім
өз
бетінше
дайындайды немесе «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ әзірле-ген
Жиынтық бағалау бойынша әдістемелік ұсынымдамаларда ұсы-нылған
тапсырмаларды пайдаланады. Мұғалім жиынтық жұмыстардың бірнеше
нұсқаларын пайдалана алады.
Тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі
(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша өткізі-леді. Тыңдалым
мен айтылымды бағалау жиынтық бағалауды
өткізу жоспарланған апта
ішінде сабақ барысында жүргізіледі.
Тоқсандық жиынтық бағалау бойынша білім алушылардың оқу
нәтижелерін бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін
мұғалімдер модерация үдерісін өткізеді. Жиынтық бағалауды өткізу мен
модерацияны өткізудің арасындағы уақыт 3 жұмыс күнінен артық болмауы
тиіс.
Модерация нәтиже мен білім беру үдерісінің сапасын арттыруға
мүмкіндік береді. Модерация бойынша өткізілетін отырыста мұғалімдер балл
қою кестесіне сәйкес жиынтық жұмыстарды талқы-лайды, қажет болған
жағдайда балл қою кестесіне ұжымдық түрде өзгерістер және немесе
толықтырулар енгізеді. Модерация аяқталған соң хаттама толтырылады.
Модерация қорытындысы бойынша баллдарын
өзгертуге жата-тын
білім алушылардың жиынтық жұмыстары қайта тексеріледі. Мо-дерация
қорытындысы бойынша жиынтық жұмысқа қойылған балл жоғары баллға,
сондай-ақ, төмен баллға да өзгертілуі мүмкін.
Тоқсандық және жылдық бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру
сабағынан босату олардың келесі сыныпқа көшірілуіне әсер етпейді.
Электронды журналдың формасы кесте түрінде берілген, бұл кестеге
білім алушылардың тоқсан барысындағы жетістіктері енгізі-леді (бөлімдер
бойынша және тоқсандық жиынтық бағалауының бал-дары), сонымен қатар
баллдарды бағаға ауыстыруды қарастыратын шкалаға сәйкес автоматты
түрде бағаны санау жүзеге асырылады (тек тоқсан және оқу жылының
қорытындысы бойынша).
Достарыңызбен бөлісу: