Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


Оқыту үдерісіндегі білімдерді бағалау және тексерудің



Pdf көрінісі
бет237/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

12.2.Оқыту үдерісіндегі білімдерді бағалау және тексерудің 
қызметтері. 
Білімдерді тексеру мен бағалау - оқыту үдерісінің құ-рамдас 
бөлігі. Бұл оқушылардың оқу әрекетіне жүйелі түрде сабақта, не үйде 
ауызша, жазбаша, графикалық және тәжірибелік жүмыстар ар-қылы бақылау 
жүргізу болып табылады. Тексеру мен бағалау арқылы оқушының әр 
деңгейдегі алған білім дәрежесі олардың дайындалу ба-рысындағы 
жетістіктері мен кемшіліктері, мұғалімнің жұмыс деңгейі, тоқсандық және 
жылдық бағаларының қойылуы, оқушылардың аттес-тациялануы, келесі 
сыныпқа көшірілуі және де келесі деңгейдің білі-мін алуға қабілеті 
анықталады.
 
Білімді тексеру мен бағалау
бақылау, оқыту, білім беру, тәр-биелеу, 
түзету және хабарландыру, түзету және ақпараттық сияқ-ты
қызметтерді атқарады. Мұғалім тек қана оқушының білімін баға-лап қана 
қоймай, сонымен қатар әр оқушының жетістіктерін қоры-тындылап, оқу-


301 
тәрбиелік үдеріске түзетулер еңгізіп және ата-аналар мен өзгелерге 
оқушының жетістіктері мен кемшіліктерін хабарлап отыра алады. 
12.3. Білім сапасын бақылаудың теориялық негіздері және оқу 
жұмысының нәтижелілігін есепке алу. Бақылаудың түрлері. Оқу 
жұмыстарын бақылау әдістері мен нәтижелігін бағалау жүйесі.
Оқытудың бағалау жүйесінің теориясы мен практикасының да-
муы.Белгілі ғалым С. Қожахметовтың «Совет мектебінің негізгі ди-
дактикалық принциптері» тақырыбындағы зерттеу жұмысында оқушы-лар 
білімінің саналы және жинақты болуының дидактикалық ұстаным-дары
бастауыш мектепте оқушылар білімін тексеріп, бағалай білудің әдістемелік 
жолдары, сабақтан тыс мезгілдегі және сабақ үстіндегі оқушылардың 
кітаппен жұмыс істей білуі, сабақтан тыс уақытта оқу-шыларға эстетикалық 
тәрбие беру жолдары қарастырылған.
50-шы жылдардың басынан педагогика ғылымы мен педагоги-калық 
практикада білімді тексерудің оқыту әрекетіне мән беріле бас-тады. Б.П. 
Есипов «Дұрыс қойылған білімді есепке алудың бақылау үшін ғана емес, 
оқыту және тәрбиелеу үшін маңызы зор» деп жаз-ды. Осы қағида кеңес
педагогикасында бекіп, теориялық тұрғыдан М.А. Данилов, Б.П. Есипов, 
Н.Г. Дайри еңбектерінде негізделді. 
ХХ ғасырдың 30-50-шы жылдарындағы оқыту теориясын талдау 
барысында мынадай қорытындылар жасауға болады: педагогика ғылымы
оқушы-ларды ғылым негіздерімен қаруландыруға нақты бағыт алды. Оқушы-
ларды белсендіру және өзбетінше білім алу дағдыларын қалыптастыру,
мұғалімнің сабақты басқаруына арналған мәселелер жаңаша көзқарас-ты 
қажет етті. Мұғалімдердің педагогикалық озат тәжрибиесін зерттеу қолға 
алынды. Оқыту мәселесі мен оқыту әдістеріне назар аударылды. 
Дәстүрлі бақылау жүйесінің негізгі формасы, оқушының ғана емес, 
мектеп ұжымының жетістігін айқындау және өзін-өзі бақылау болды. Тек 
тестік тапсырмалар кең таратылды, олар өзіндік тексеру форма-ларының 
ішіндегі ең жарамдысы болып есептелд. Бағасыз оқытудың басқа да 
кемшіліктері табыла бастады. Барлық жерлерде білімнің са-пасының, 
оқытудың деңгейінің, тәртіптің төмендеуі байқалды. Оқу-шылар сыныпта, 
үйде күнделікті дайындалуды қойды. Сондықтан да көптеген халық ағарту 
ісінің бөлімдері әр түрлі бақылау формаларын енгізуге мәжбүр болды. 1932 
жылы қайтадан әрбір оқушының білім-дерін жүйелі есепке алу тәртібі 
қалпына келтірілді. Оның негізі дара әдіс арқылы жасалды, 1935 жылы 
баллдың сараланған 5 деңгейлік жүйесі ауызша бағамен ауыстырылды (өте 
жақсы, жақсы, қанағаттан-дырады, жаман, өте жаман), 1944 жылы цифрлы 5 
баллдық жүйе орнатылды. 
Кейінгі жылдары тәжірибенің көрсетуі бойынша, әрбір оқушы-ның 
білімін есептеу, күнделікті есептеуі өзін ақтады, оқушылардың сабаққа деген 
дайындығы және тәртібі жоғарылады. Дәстүрлі жүйедегі баллдар ретінде 
бағалар өзінің кемшіліктеріне қарамастан, казіргіге дейін өзіне сай 


302 
айырбасталатын жүйе таппаған. Сонымен қатар, оның әлі де көп қоры бар 
және де барлық мүмкіндігі қолданылмаған. 
Отандық педагогтар ішінде бірінші болып С.Т Шацкий бағаны 
шынайы ізгілік бастамалармен шешпекші болды. Бағаға, емтиханға қарсы 
шығып, ол баланың даралығын бағалау емес, оның жұмысының қалай 
орындалғанын, олардың оқу жұмысының орындалғаны туралы ата-ана 
алдында есеп беру, көрме жұмыстарын жүргізіп алға шығып есеп беру 
арқылы бағалау керек деген. Бірақ та кеңес мектептерінің қалыптасуы және 
білім мазмұнын өзгерту жағдайында бағаның жаңа жүйесін енгізу мүмкін 
болмады, себебі ол бүкіл оқу-тәрбие үдерісін қайта құруды талап ететін еді. 
Қазіргі кездегі көптеген мұғалімдер бақылаудың сондай форма-ларын 
қолданады, кейбіреулері дәстүрлі баға жүйесінің жақсы жақта-рын сақтап, 
олардың кемшіліктерін азайтты. Солай, атақты педагог В.Ф. Шаталов 
білімнің бақылауына "Білімнің ашық есебі парағын" енгізген. Білімді ашық 
есептейтін парақтардың басты мәні - сабақта, не сабақтан тыс уақытта 
алынған бағалар арнайы бланкіге жазылады да, хабарламаларға ілініп қояды. 
Оның ерекшелігі сынып журналына қойылған бағалар сыныпқа белгісіз 
болады, ал жаңа әдістің зор тәр-биелік мәнісі бар. Баға бүкіл сыныпқа ғана 
емес, мектепке де белгілі болады. Білімді ашық есептейтін парақтар әрбір 
оқушының «қызметі тізіміне» ұқсас болған. Сонымен қатар дәстүрлі әдіспен 
салыстырсақ, яғни төмен баға оқудың кейінгі кезеңдеріне ғана емес, 
тоқсандық баллдардың жоғары болуына кері әсер беруі мүмкін. Ал жаңа 
әдісте мұндай кемшіліктер жоқ. Әрбір оқушы қалған уақытында бағасын 
өзгертіп, өзінің қабілеттілігін көрсете алады. 
В.Ф. Шаталов қарама-қайшылықты алып тастады немесе олар-ды 
азайтты. Оның әдісімен оқушының ынталы жұмысының жақсы бо-лашағын 
сақтауға болады, формалды жүйеден құтылуға, білімді дұрыс бағалауға және 
жаман бағаның мінез-құлыққа және тәрбие нәтижесіне жағымсыз әсерін 
алдын ала ескертуге мүмкіндік пайда болады. Білім-дегі дәстүрлі баға 
жүйесінің қорларын сақтай отырып, білімнің баға-сын тек баллдардың (баға) 
көмегімен шешу мүмкін емес. Ол жаңа әдіс-амалдармен толықтырылуы 
мүмкін, басқа варианттар білімді үлкен сапалық деңгейде бағалауға жол 
ашады. 
Бұған зор қызығушылықты Ш. Амонашвилидің экспериментал-ды 
дидактикасының зертханалық тәжірибесі көрсетті. Көптеген жыл-дар бойы 
кіші сыныптағы балаларға баға қойылмаған, оқушылар ата-аналарының, 
жеке мұғалімдердің алдында өздерінің жетістіктерін өзде-рінің еңбектері, 
өздерінін көрмелері, суреттері, көшірмелері, өзіндік шешкен тапсырмалары 
және мысалдары арқылы көрсете білген. Жар-ты жылдықта бастауыш сынып 
оқушыларына олардың сол кезеңдегі жетістіктері мен кемшіліктері жазылған 
мінездеме беріледі. Сонымен қатар арнайы "ата-анаға пакеттер" 
дайындалады. Сол пакетте ата-ана-ларға балаларының жұмыстарының үлгі 
нәтижелері берілген.


303 
Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың 
байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың форма-сын таңдау оқу 
пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін са-ғат санына, оқу 
кезеңіне, жоcпарланған оқу нәтижесіне, білім алушы-лардың жас және жеке 
ерекшелігіне байланысты. 
Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге 
сәйкес өткізілуі қажет. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы 
сабақтарда өткізу ұсынылмайды.
Бірізді фронтальды-тақырыптық тексерудің мақсаты - оқушыға 
оқытылатын бөлім, тақырып материалдарының логикасының дамуын терең 
игерту. Оқытудағы маңызды рөлді білімді тексеру мен бағалау-дың 
ойландыратын түрлері - оқушылардың тапқырлығын анықтау, қойылған
міндетті шығармашылықпен шешу атқарады.
Ауызша тексеру
барысында оқушы жауабының сапасын нақты білу 
мүмкін емес. Сондықтан мұндай жауабының беруді баға-лау оңайға тимейді. 
Мұғалім оқушының жауабына тез көңіл бөліп, ке-рек болса, сұрақ қойып, 
жауабын толықтыруды талап етіп, оқушымен ылғи да қарым-қатынас жасап 
отыруы тиіс. Мұның барлығын сабақ үстінде істеу өте қиын және де бұл 
ауызша сұрау кезінде білімді баға-лаудың дәлдігіне әсер етеді. 
Жазбаша тексеру
ауызшаға қарағанда жеңілдірек болғанымен, өзінің 
қиындықтары да бар. Мұғалім оқушының жауабын тура бақы-лай алмайды. 
Осыған байланысты оқушының жауабын бағалау қиынға түседі. Жазбаша 
жауап өзіндік ережелермен реттелетін, бұл оның сапа-сына ықпал етеді. 
Оқушылардың бағалары мен білім деңгейінің айыр-машылығы жоғары оқу 
орындарына түсу алдындағы емтихандарда байқалады. Осы кезде мектеп 
білімі мен оқуға түсудегі білім талапта-ры арасындағы айырма айқын 
көрінеді.
Мұғалімнің бағасымен оқушы келіскен жағдайда ғана ол жақсы 
тәрбиелік нәтижеге әкеледі. Шын мәнісінде, оқушылар өз білімдерін 
бағалауда мұғаліммен ылғи келісе бермейді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет