Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е


  Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында



Pdf көрінісі
бет58/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

 


54 
Жоғарғы сынып оқушыларының дамуында 
жеткіншектерге қа-
рағанда әлдеқайда бірқалыптылық байқалады. Осы шақтағы оқушы-лармен 
педагогикалық қарым-қатынас орнатуда мұғалім олардың не-гізгі 
ерекшеліктері ретінде тұлғалық дамуын және өмірлік бағдарын өз 
беттерінше анықтайтын жандар екенін ескеруі керек. Жоғары сынып 
оқушыларының өзіндік пікірлері, дүниетанымы, көзқарастары олар-дың жеке 
тұлғалық қасиеттерінің қалыптасу деңгейінен көрініс береді. 
Жоғары сынып оқушыларының физикалық және ақыл-ой даму-
ларының үздіксіз үдерісі негізінде олардың көп нәрсеге қызығушы-лықтары 
артып, болашағын бағдарлауға қатысты мұғалімдермен қа-рым-қатынасқа 
ашық болып келеді. Бұл олардың жаңа тәжірибе жи-нақтаудағы 
ұмтылыстары және өздерінің дұрыс бағытты таңдаулары бойынша 
сенімділігін нығайту үшін маңызды. 
Жоғарғы сынып оқушыларымен педагогикалық қарым-қатынас-та 
олар мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттеріне баса назар аударады: 
әділеттілігі, шыншылдығы, түсіне алу дағдылары, жағымды эмоцио-налдық 
кері байланысы, білім деңгейі мен оқыту сапасы.
Сондай-ақ, жоғары сынып оқушысы өзінің жеке «Мен»-жүйесі жайлы 
көп ойланып, толғанады. Осы жайлы жалғыз қалып ойланған-ды, қиялын 
шарықтатып, өзін түрлі әлеуметтік рөлдерде елестетулері жиі байқалады. 
Яғни, жоғары сынып оқушыларының өзін тану арқылы өзгелерді тануы 
қарым-қатынастық жүйелерінің басты ұстанымына айналады.
 
4.4. Педагогтың сөйлеу мәдениеті – кәсіби іс-әрекет жетіс-тігінің 
шарты.Сөйлеу мәдениеті
дегеніміз адамның қарым-қатынас жасаудың 
тілдік құралдарын дұрыс таңдай отырып, әдеби тілдің жазбаша және ауызша 
нормаларын меңгеру арқылы ойды айқын және әсерлі жеткізе алуы. Кәсіби 
қарым-қатынас жасауда аталып отырған тіл мәдениетін толығымен меңгере 
алу көптеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Болашақ 
мамандар өздерінің кәсіби дайындығы кезінде негізгі арнайы білімдерімен 
қатар сөз сөйлеу мәдениетін де жоғары деңгейде қалыптастырулары қажет, 
себебі ол жалпы әдептіліктің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет