55
Тіл мәдениеті отбасынан басталып, кейіннен мектептің оқу-тәрбиелік
үдерістерінде, жоғары оқу орындарында, жалпы адамдардың өзара қарым-
қатынасы негізінде дамып қалыптасады.
Педагог мамандар үшін ойды дұрыс, түсінікті, анық, дәл, әсерлі әрі
әдеби тіл нормасы мен тіл тазалығын сақтай отырып, жеткізе білулері
олардың коммуникативтік құзыретіліктерінің көрсеткіші болып табылады.
Сөз сөйлеу әдебін
қалыптастыру үшін әр педагог өздігінен білім алып,
қосымша
тренингтер,
семинарларға
қатысып,
анықтама-лық,
лингвистикалық сөздіктермен жұмыс істеп үйренулері тиіс.
Осы салада арнайы зерттеу жүргізген мамандардың пайымдауынша,
педагогтардың сөйлеу мәдениетінің жоғары болуына мынадай негізгі
көрсеткіштер әсер етеді:
1)сөйлеген сөздің дұрыстығы -
әдеби тілдік нормалардың сақ-талуы
(лексикалық, морфологиялық, стилистикалық, синтаксистік). Сөйлеу
барысында сөздің дұрыс айтылмауы оқушының назарын бөліп оның
мазмұнын толық қабылдауға кедергі болады.
2)сөздің
анықтылығы
. Сөздің анық айтылуы оқушылардың
қызығушылығын оятып, зейінін күшейтіп, сөйлесу үдерісінің нәтижесін
тиімді етеді. Сөздің анықтылығы мұғалімнің ойлау қабілетімен, өз ойына
деген сенімділігімен, тілдік стильдерді меңгергендігімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: