Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет67/282
Дата06.12.2023
өлшемі2,48 Mb.
#195317
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   282
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1)

өзін-өзі 
бағалауы.
Өзін-өзі бағалау адамның өзін басқа адамдар-мен салыстыруынан 
басталады. Өзіне дұрыс берілген баға өзін тәрбие-леудің мақсаттарын дұрыс 
қоюға көмектеседі. Егер адам өзін басқа-лармен салыстыра келе өзін өте 
төмен бағаласа, өзіне деген сенімін жоғалтады, басқалармен қарым қатынас 
жасау қиынға соғып, көп-теген сәтсіздіктерге кездесуі мүмкін. 
Өзін-өзі қадағалау
әдісі басқа адамдармен қарым-қатынас жасағанда
өзін сабырлы ұстай білуге, басқалардың кемшіліктеріне кешірімді, 
қателіктеріне шыдамды болуға көмектеседі. Мысалы, кейбір адамдар 
балалардың шулағанын көтермей ашуланады, бірақ оданда қатты дыбыс 
шығаратын күннің күркіреуі ол адамды сондай ашуландырмайды. Яғни 
мәселе адамның сол ызалалықты тудыратын объектіге өзінің қандай 
қатынаста болуына байланысты екен. Өзін-өзі қадағалау әдісі қиын 
жағдайларда ыза мен ашуға жол бермей ұстамды болуға көмектеседі. Адам 
үшін өз сезімдерін басқарып, оны уақытында тежей алу арнайы жаттығуды 
қажет ететін күрделі психикалық үдеріс. Адамдармен қарым-қатынас 
барысында өзін-өзі қадағалап тұра алуынан, ұстаздардың ұстамдылығынан
шыдамдылығынан, төзімділігінен, толеранттылығынанкөрінеді.
Өзіне-өзі бұйырық беру
әдісі адамды жақсы жаққа жетелеп отырады. 
Бұл әдіс көбінесе адам бір нәрсеге өзін-өзі сендіріп, бір нәрсені істеу қажет 
екенін түсінгеннен кейін қолданылады. Бұл әдіс адамның өзіне-өзі қатал
табанды түрде талап қоя алуына байланысты кездеседі. Адам өзіне бұйрық 
беріп оны бір рет орындай алса, келесі жолы сон-дай бұйрықты орындау 
жеңілірек болып, көп қайталана бере әдетке айналады. Адам бұйырқты өзіне 
іштей береді, ол көмектеспесе оны дауысын шығарып қайталауы керек. 
Өзіне-өзі бұйрық беру арқылы адам ерік-жігерін шыңдай түседі. Ал ерік-
жігері күшті адам әрқашан да көздеген мақсатына, үлкен жетістіктерге жете 
алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   282




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет