Тыңдай білу және
ести алу екеуі екі
түрлі үдеріс десек болады. Тыңдау үдерісінде адам өзіне қызықты және
қажетті ақпараттарды ғана қабылдайды. Ал ести білу дегеніміз
әңгімелесушінің айтқан сөздеріне толық мән беру, оның не жеткізгісі келіп
тұрғанын сезіне алу. Бұл өте маңызды және сирек кездесетін әңгімелесу
дағдысы. Бұл дағдыны қалыптастыру үшін ар-найы жаттығу керек. Ал
мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінде тыңдай білу, оқушы үнін есту
маңызды.Әдетте сабақта мұғалімдер көп сөйлеп, оқушының ой-пікірі елеусіз
қалатыны рас. Педагогикалық үрдісте егер мұғалім оқушының айтқанын
толық ести алатын болса, оның ойын бөлмесе, оқушы одан сайын оған
сырын ашып беруге тырысады. Ол оқушы үшін Сіз-ең жақсы ұстаз болып
табыласыз!
Сондықтан
оқушы үнін тыңдау, оның ой-толғаныстарын есту арқылы
оның жүрегіне жол таба білуге, жан сарайын түсінуге бола-тыны анық.
Өйткені тек жағымды қарым-қатынас жасау арқылы ғана оқушының
көзқарасы мен қасиеттері айқын көріне бастайды. Жеке оқушымен дұрыс
қарым-қатынас орнатпайынша, еркін түрде әңгімеле-сіп көрмейінше оны
жете білу мүмкін емес. Бұл идеяны біз ежелгі грек философы Сократтың
«
Сен сөйле, мен сенің кім екеніңді көрейін » деген ойымен негіздеп кетуімізге
болады.
Ұстаздық мамандықты таңдаған адамды бірден оның кәсіби ерекше
қасиеті болып табылатын
педагогтық әдеп ерекшеліктерінен тануға болады. Педагогтық әдеп – ұстаздың кәсіптік моралі туралы ілім. Педагогтық әдеп жай
ғана сыпайылықты сақтау емес, ол шығарма-шылық ақыл-ой әрекеті, ол адам
бойындағы мәдени мінез-қүлықтың, білімділіктің жиынтығы.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 1.
Коммуникативтік міндеттерді шешудің негізгі кезеңдері қандай?
2.
Педагогикалық қарым-қатынастың даму динамикасындағы негізгі сатылары қалай
сипатталады?
3.
Кәсіптік-педагогикалық қарым-қатыныс қандай түрлерге жіктеледі?
4.
Педагогикалық іс-әрекетте аксиалды және ретиалды қарым-қатынас түрле-рінің
маңызы қандай?
5.
Педагогикалық қарым-қатынас қандай міндеттер атқарады?