Өздігінен білім алу – тұлғаның өзіндік мәдени, танымдық, ғылыми,
кәсіби, білімдік деңгейін жоғарылатуға және өз ішкі әлеуетін толық ашуға,
әлеуметтену қажеттіліктерін жүзеге асыруға бағытталған еркін таңдауы
бойынша жүргізілетін іс-әрекеті.
Өздігінен білім алу – адамның білім беру мекемелеріндегі жүйелі
оқытудан тыс өздік жұмысы арқылы білім алу үдерісі. Мұғалімдердің
өздігінен білім алулары олардың кәсіби біліктіліктерін жоғарлатудың негізгі
формасы. Бұл бағытта мұғалімдер озық педагогикалық тәжірибелерді
зерттеп, мектептегі немесе тұрғылықты жердегі басқа кітапханалардағы
әдістемелік әдебиеттермен танысып, өз жоспарлары бойынша жұмыс істейді.
Өздігінен білімді жетілдірудің ұжымдық түрлері ретінде мұғалімдердің
біліктіліктерін жетілдіру инс-титуттарын, әдістемелік бірлестіктердің
жұмыстарын атауға болады. Өздігінен білім алу барысында жас мұғалімдер
жаңа педагогикалық технологияларды, білім берудің негізгі бағыттарын
зерттеп олардың практикалық маңыздылығымен танысады.
Өздігінен білім алудың атқаратын негізгі
қызметтері ретінде
М.Князеваның мынандай топтамасын келтіруге болады (Князева М., 1990):
1.
экстенсивтік – жаңа білімдерді іздестіру, жинақтау.
2.
бағдарлық – мәдениет және қоғам ішінде өз орнын анықтау.
3.
компенсаторлық – мектептік білімнің олқылықтарын толықтыру,
өз біліміндегі кемшіліктерді жою.
4.
дамытушылық - өзіндік сананы, есте сақтау қабілетін, ойлау
қабілетін, шығармашылық сапаларын дамыту.
5.
әдістемелік – кәсіби біліктілігін, білімдерін жетілдіру, дүниенің
түтастығын түсіне алу.
6.
коммуникативтік – түрлі кәсіптер, ғылымдар, адамдар арасындағы
байланыстарды орната алу.
7.
шығармашылық – шығармашылық жұмысқа үйрену.
8.
жаңашылдық – қалыптасып
қалған
пікірлерге
жаңаша
көзқарастардың туындауы, ескілікті жою, таптаурындарынан арылу.
9.
психологиялық – зиялы адамдар қатарынан екенін сезіну, өзін
зиялылар қауымының бір бөлігі ретінде сезіну.
10.
геронтологиялық – жасы ұлғайған адамдардың өздігінен білімдерін
жетілдірулері арқылы заманауи жаңалықтардан хабардар болып отыруы.
Қазіргі ақпараттық қоғамда адам өздігінен білімін жетілдіріп отыруы
арқылы бәсекеге қабілетті, еркін дамыған тұлға бола алады. Өздігінен білім
алу үдерісінің құнды жақтарының бірі ретінде тұлғаның жеке танымдық
белсенді іс-әрекетпен шұғылдануын атауға болады. Бұл үдерісте адам
мақсат-міндеттерді өзі анықтайды, өзі білім алу құралдарын іздестіреді, өзі-
өзіне мұғалім болып, өзін-өзі білімге жетелейді.
Өздігінен білім алудың негіздері мектеп жасынан бас-талып, кейіннен
орта және жоғарғы кәсіби білім алу барысында жал-ғасын табады. Ал
68
жоғары оқу орнындағы болашақ мұғалімдер үшін өздігінен білім алудың
негізгі көздері ретінде мынандай жағдайларды қарастыруға болады: