7. қоршаған ортадан алынған ақпараттарды білім алу көзіне айналдыру. Айналамыздағы бізді қоршаған таныс және бейтаныс адам-
дармен дұрыс қарым-қатынас орнатудың өзі болашақ мұғалім үшін кәсіби
тәжірибе жинақтаудың көзі бола алады, себебі ертең мұғалімдік қызметте
жасы үлкен әріптестерімен, балалардың ата-аналарымен сөйлесе алу қажет.
Сонымен қатар әрбір тәжірибелі ұстаздардың дәріс-теріне қатысу арқылы
олардың аудитория назарын қалай аударатынын, сабақ үстінде тәртіпті
сақтай алу іскерліктерін, ынтымақтастық қарым-қатынас орната білу
шеберліктерін үйренуге болады.
8. теледидардан көретін бағдарламалардың мамандыққа қа-тысты
жаңалықтары болса, оларды педагогикалық рефлексиялық күн-делікке түртіп
жазып алуды дағдыға айналдырған дұрыс. Теледидар-дың қоғамдық санаға
әсері өте жоғары. Әр бағдарламаларға талдау жасап, әріптестеріңізбен бөлісе
алу болашақ педагогтың коммуника-тивтік қабілетін дамытуға жақсы негіз
бола алады.
9. Өзін-өзі жетілдіруде көп кітап оқудың да рөлі өте маңыз-ды.
Кітап оқу арқылы өте қызықты тұлғалармен танысып, соларға қа-рап жақсы
болуға тырысып, өзін әдепті ұстауға, қарым-қатынасты дұ-рыс
ұйымдастыруға үйренуге болады. Қазіргі бұқаралық ақпарат құ-ралдары да
адамның жалпыадамзаттық мәдениетке енуіне ықпал жа-сауда. Кітап
дүкендеріне, кітап көрмелеріне баруды әдетке айнал-дырған абзал, себебі
онда жаңа кітаптар сарынымен танысып отыруға мүмкіндік жоғары.
Кітаптармен таныса жүріп, өзіңіздің үй-дегі педагогикалық кітапханаңызды
ашуыңызға болады. Кітап – мұға-лімнің ең сенімді серігі, кеңесшісі, рухани
азығы.
10. өздігінен білім алудың көзі ретінде әр адамның әуестену-шілігін, хоббиін қарастыруға болады. Кез келген адамда өзіне тән бір ерекшеліктері
70
болады. Мысалы біреу жақсы ән айта алады, екіншісі жақсы билей алады,
үшіншілерінде ақындық қабілеттері дамыған, кейбіреулері музыкалық
аспаптарда жақсы ойнай алады, басқасында спорттық қабілеттері басым
болып келеді.