11. Деректі және көркем фильмдер, ұлы адамдар өмірбаяндары, түрлі
кездесулер, шығармашылық кештер, спектакльдер, мәдени-та-нымдық
бағдарламалар т.б. іс-шаралардың барлығы адамның өз тұлға-сын дұрыс
қалыптастыруына бағыт-бағдар беру негізі.
12. Тәлімгер таңдау. Білім беру саласында, жоғары оқу орын-дарында
ресми бекітілген педагогикалық қызметтермен (лектор, кура-тор, эдвайзер,
тьютор) қатар тәлмгер қызметі де жақсы даму үстінде. Көптеген оқу
орындарында ресми түрде бекітілген адамдар өз қызмет-терін жоспарлы
түрде орындап отырады. Ал тәлімгерлік үдерісінде тәлімгерді жас маман
өзіне өзі таңдайды. Кімді үлгі тұтады, кімді кәсіби іс-әрекеті үшін
құрметтейді, сол адамммен пікір алмасып, не үйренгісі келетінін айтып, өз
қажеттілігіне байланысты даму жоспар-ларын құруға болады. Барлық ұлы
адамдардың тәлімгерлері болған. Мысалы Аристотель болмағанда,
Македонский болар ма еді?
Өздігінен білім алу негіздерін жақсы меңгерген маман кәсіби іс-
әрекетте үнемі әріптестерінің алды, ұжымның абыройлы тұлғасы, өзінің
құзыреттілігімен, бәсекеге қабілеттілігімен гуманистік бағытты-лығы
негізінде басқаларға үлгі-өнеге болып оларға қолдау көрсете алатын болады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 1.
Үздіксіз білім берудің өзектілігін қандай факторлар айқындайды?
2.
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тәрбиелеуінің әдістері қандай?
3.
Педагогикалық рефлексияның атқаратын қызметтері қалай жіктеледі?
4.
Неліктен үздіксіз педагогикалық білім алу мұғалімнің кәсіби-тұлғалық
дамуының негізі болып есептеледі?
5.
Болашақ педагогтың өздігінен білім алуының қандай тетіктерін сипаттай
аласыз?
2-бөлім. ПЕДАГОГИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ