8/7 Әдістемелік нұсқау Жалпы білім беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал қазақстан тарихы


§29–30. Орта азия хандықтарының басқыншылығына



Pdf көрінісі
бет54/128
Дата06.12.2023
өлшемі1,11 Mb.
#195358
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128
Байланысты:
e2c00f623344b2127e520f0c84e29d6b

§29–30. Орта азия хандықтарының басқыншылығына
қарсы қазақ көтерілістері
1-сабақ. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық 
хандықтармен қарым-қатынастары.
сабақтың мақсаты
7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-
салдарын анықтау; 
зерттеу сұрағы 
Неліктен Орта Азия хандықтарының Қазақстанның оңтүстік аймақтарына 
экспансиясы күшейді?
Оқулық
Орта Азия хандықтарының басқыншылығына қарсы қазақ көтері -
лістері. 106–111 беттер.
Тірек сөздер: Жанқожа Нұрмұхамедұлы, Хиуа хандығы, жазалаушы 
отрядтар, казак отрядтары, Есет Көтібарұлы
ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия: мақалалар жинағы. – 
Т.1-2. – Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге 
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.
Көрнекілік:
Жанқожа Нұрмұхаметұлының көтерілісі таралған аудандарды көрсе тетін 
карта.
Мақсатты айқындау 
ХІХ-ғасырдың 50-жылдарында Орта Азия хандықтарының Қазақстанға 
деген басқаншылық саясатты күшейе түскенін, әсіресе Хиуа хандарының 
өктемдігі халықтың қаналуының күшеюіне және наразылықтарына алып 
келгенін, оған қарсы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаметұлы бастаған 
көтерілістің басталғанын, бұл көтеріліс халықтың қолдауына сүйене оты-
рып, қуатты күшке айналғанын және бұл көтерілістің тарихи маңызын атап 
көрсету. 
Дамытушылық маңызы.
Хиуа хандығының басқыншылық әрекетіне қарсы 
халық наразылығын сипаттай отырып, бұл көтерілістің Қазақстандағы кейінгі 
кезеңдерде орын алған ұлт-азаттық қозғалыстарына ықпалын айқындау.
Тәрбиелік маңызы.
Жанқожа Нұрмұхаметұлының халықшыл, батыр 
тұлғасын үлгі ете отырып, жастарды туған халқына қызмет ету сезіміне ба-
улып, тәрбиелеу.
сабақтың деректік материалдары
Мұғалім өзі дайындаған жоспардың негізінде Хиуа ханының ұлы 
Мұхаммет Рахым Аллахұлдың Жаңадария және Қуаңдария аудандарындағы 
қазақтар арасында әскери қамалдар тұрғызуын басқыншылық ретінде си-
паттайды, бұл әрекетке қарсы халық батыры Жанқожа Нұрмұхаметұлының 
бастаған көтерілісінің себептерін, барысын және тарихи маңызын атап 
көрсетеді. Оқушылыр екі топқа бөлініп жұмыс жасайды. Алғашқы топ Хиуа 


51
хандығының картасына олар басып алған жерді түсіреді. Екінші топ Жанқожа 
Нұрмұхаметұлының тұлғасын сипаттайтын эссе жазады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   128




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет