85
Жақсы болса қайын атаң орын басар, жар-жар-ау!
Ақ қоян қашар жоталап, жар-жар-ау!
Ақ тайлақ өсер боталап, жар-жар-ау!
Неге мұнша жылайсың, жар-жар-ау!
Артыңнан інің барады, апалап, жар-жар-ау!
Көне “Беташар” жыры:
“Келін келді, көріңіз, көрімдігін беріңіз!
Беретұғын малыңның түсін айтып қойыңыз.
Нар берсеңіз, мая бер, үстіне кілем жая бер...
Жылқы берсең биеден, кем болмасын түйеден...
Сиыр берсең қызылдан, шұбалаң құйрық ұзыннан.
Қой берсең, үлкен ағынан, егіз болсын қозысы,
Болмасын жалқы тағынан”
(Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. 2-том. Дүниеге келгеннен
озғанға дейін (отбасы лық әдет-ғұрыптар ертеректегі авторлардың еңбектері
бойынша. Алматы: “Арыс” баспасы. 2006. 56 б.)
Деректерді оқи отырып, қазіргі кезде байырғы “тұрмыс-салт” жырлары
нұсқаларының қолданыстан шыққанын, қазіргі кездегі бұл жырлардың жаңа
нұсқаларының қолданыста екенін айту керек.
Достарыңызбен бөлісу: