10
кеңістікке жуандығы 0,5-1 мм, ұзындығы 9-12 см, өткір ұшы 45
градус болып келген, мандрені бар иненің көмегімен пункция
жасайды. Пункция кезінде инені сагитталды жазықтыққа
бағыттайды. Қатты ми қабықшасынан өткенде дәрігер "түсіп кету"
сияқты сезімді аңғарады. Осыдан кейн инені алға қарай 1-2 мм
жылжытып, мандренді алып, ликворды ағызады.
Диагностикалық мақсатта негізгі зерттеуге 2-3 мл ликвор
алынады. Басқа зерттеулер қажет болған жағдайда (Вассерман
реакциясы және т.б) ликворды қажетінше көбірек алады.
Keйбip
жағдайларда (мысалы, пневмоэнцефалография
кезінде) люмбалды пункцияны науқастың отырған қалпында
жасайды.
Ликвордың қысымын өлшеу үшін әртүрлі конструкциялы
монометрлер қолданылады. Ұзын вертикалды иінінде өлшем
бірліктері бар тік бұрышты иілген шыны түтікше және резіңкелі
түтікшенің көмегімен темір канюляға жалғасқан қысқа вертикалды
иіні бар түтікше жиі қолданылады. Канюляның бос ұшын пункция
инесінің саңылауына енгізеді, содан кейін ликвор өлшегіш
түтікшелердің горизонталды және вертикалды иіндерін толтырады.
Ликвор қысымын өлшегенде науқасты жатқызады, қалыпты
жағдайда люмбалды бөлігінде қысым 100-180 мм су бағанасы
шамасында болады. Ал науқасты отырғызып өлшегенде
гидростатикалық қысымның әсерінен 250- 300 мм - ге дейін
көтеріледі [12].
Ликвородинамикалық сынамалар: жұлын өзегі ішіндегі торлы
қабыкша асты кеңістігнің өтімділігін анықтау үшін жасалады.
Неврологиялық
тұрғыдан
жұлын
немесе
құйрығы
компрессиясы бар ма, әлде жоқ па, не болмаса компрессия
тудырмайтын паталогиялық үрдістердің әсерінен бе екенін
анықтау қиын болған жағдайда бұл сынамалардың ерекше мәні
бар. Кейде ликвородинамикалық сынамалар торлы қабықша асты
бойынша
ликвордың
eнгізу
жартылай
компрессияда
қиындайтынын анықтайды [7].
Достарыңызбен бөлісу: