8
толқындарды – ультрадыбыс деп атайды. Бұл әдіс, ультрадыбыс-
тың әpтүpлi акустикалық қасиеті бар 2 ортадан шағылысу
кұбылысына негізделген.
Зерттеуді арнайы аппарат – эхоэнцефалографтың көмегімен
жүргізеді. Бассүйек ішілік іciктep мен басқа да көлемді түзілістерді
анықтауда, мидың орта кұрылысынан: ІІІ-шi карынша, эпифиз,
мөлдір перде және т.б. шағылыскан "М-жаңғырық" – деп аталатын
сигналдың маңызы зор. Қалыпты жағдайда ол дәл орта сызыктың
бойында орналасады, сондықтан да М-жаңғырықтың осы жерден 2
мм-ге ауытқуын патологиялық үрдістің: ісік, абсцесс, гематоманың
осы жарты шарда орналасқанын көрсетеді, басқа да мәліметтер
болса, онда мидың 2 мм-ден аз ауытқуы да ескеріледі.
Ми жарты шарының ісігінде бұл әдicтiң дәлдігі адекватты
қолдану шегіне қарай 100% болады. М-жаңғырықтың формасының
кеңеюі, шынының айқын екіленуі Ш-ші карыншаның гидро-
цефалиясын көрсетіп, сонымен қатар (басқа белгілері болса)
этиологиясы бойынша ісіктік немесе ісіктік емес окклюзиялық
гидроцефалияны дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: