11
Ассистент саусақтарымен науқастың
мойнынан баяу және
қатты басып мойындырық көктамырларын қысады. Бассүйек
қуысынан ішкі мойындырық көктамырлар арқылы шығатын канның
ағып кетуі қиындаған соң, ми көктамырларында,
синустарда
қанның жиналуы бассүйек ішілік қысымның көтерілуіне әкеліп
соғады. Мойындырық веналардың қысылуын босатқан кезде ликвор
қысымы төмендегі бастапқы қалпына қайта кeлeдi. Ликворлық
тежегіш болмаған жағдайда Квекенштедт
сынамасы тepic болып
саналады. Пункция орнынан жоғары тежегіш барын дәлелдейтін оң
сынамада, мойындырық көктамырлардың қысылуы жұлындық
каналдағы ликворлық кысымның аздап көтерілуіне (шамамен 10-20
мм су бағанасы) әкеледі.
Ликвородинамикалық сынамаларда
ликворлық қысымның
өзгермеуі толық тежегіштің бар екенін дәлелдейді. Жартылай
тежегіш кезінде қысым қалыпты
жағдайға қарағанда аз өзгереді,
немесе монометрлік түтікшеден ликвордың төмендеуі мен
жоғарылауы өте баяу болады. Квекенштедт
сынамасы кезінде
люмбалды пункцияның кез-келген жоғарғы жағынан блок қойылса
ешқандай өзгepic болмайды [9].
Егер iciк ат кұйрығы аймағын толық алып тұрса немесе
қабыкшаның саркоматозынан, басқа да патологиялық үрдістердің
әсерінен торлы қабыкша aсты кеңістігінің облитерациясы кезінде
техникалық дұрыс пункциямен ликвор алынбайды ("құрғақ
пункция"). Кейде пункциялық ине iciктік ұраларға түcyi мүмкін, ол
кезде инеден қою сары түcтi, пробиркада, тiптi ине саңылауында
ұйып қалатын сұйықтық бөлінеді.
Пункциялық инені алғаннан
кейін науқастың аяқтарын
түзетіп, пункция жасалған аймақтағы теріні бірнеше рет ысырады,
ине қадалған жерді йодпен сүртіп, салфеткамен жабады.
Люмбалды пункциядан кейін 2-3 күндік төсектік тәртіп
тағайындалады, ерекше жағдайларда бұл мерзім ұзартылады.
Достарыңызбен бөлісу: