12
кезінде контраст заттарды енгізу үшін, 3) пневмоэнцефалография
кезінде ауа немесе оттегіні енгізу үшін жасалынады [4].
Үлкен цистерна пункциясын науқасты жатқызып та,
отырғызып та жасауға болады.
Зерттеуге алынатын ликворды
науқасты жатқызып алған дұрыс болады,
өйткені қысымның
әсерінен ликвор инеден өзi aғып тұрады. Миелография және
пневмоэнцефалография мақсатында
жасалатын цистерналы
пункцияны науқасқа отырғызып жасаған кезде контраст заттар тез
түсіп, ал ауа тез кетіріледі.
Жасалу әдіci: Ассистент науқастың басын алға қарай қатты
иіп ортаңғы сызыктың бойында ұстап тұрады.
Бұл кезде атлант
доғасы мен үлкен шүйде тесігінің артқы шетінің арасы
алшақтайды. Tepiні дезинфекциялағаннан кейін саусақпен басып,
сыртқы шүйде томпешігi мен С2 мойын омыртқаның cүйip
өсіндісін тауып алады. Содан соң
дәл екеуінің ортасынан ине
шаншып субарахноидальды кеңістікке пункция жасайды. Мұнда
мықты, жіңішке, ұшы 45 градус кесілген инелер қолданылады.
Новокаин ерітіндісімен анестезияны жүргізгенде
инені тура
ортаңғы сызықтың бойымен тepi, тepi асты шел қабатынан, шүйде
сүйегінің байламдары арқылы сүйекке дейін енгізеді. Пункциялық
инені, оның соңы шүйде сүйегінің қабыршақты бөлігінде тигенге
дейін енгізе 6ереді. Ине сүйекке тигеннен кейін,
аздап
суырыңқырап сыртқы шетін жоғары көтеріп, ішкі басын сүйекпен
соқтысқанша цистернаға бағыттайды. Одан кейін инені 2-3 мм тағы
алға жылжытып атлантоокципиталды мембрананы тeceдi, бұл
кезде инеден ликвор аға бастайды. Цистернада қысым
тepic болса,
онда ликворды шприцтің көмегімен сорып алады.
Tиіcтi көрсеткіш болған жағдайда
және субокципиталды
пункцияның техникасы дұрыс жасалғанда әдісті орындау қиынға
соқпайды. Kepi жағдайларда
артқы-төменгі мишық артериясын,
сопақша миды зақымдап алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: