С. Мәуленов атындағы гимназия


Ауылда 100 адам тұрады. Әр күн сайын олар үш-үштен ауылды



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата08.12.2023
өлшемі179,81 Kb.
#195515
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
5-6- логикалық есептер

86.
Ауылда 100 адам тұрады. Әр күн сайын олар үш-үштен ауылды 
күзетуге шығады. Біраз уақыт өткен соң, олар бір-бірімен бір рет ғана 
күзетке шыққан болуы мүмкін бе?
Шешімі: Жоқ.
Бір адамды алсақ ол екі адаммен күзетке шығады. Онда қалғандарын 
жұптарға бөлейік: (1+1) – жұптар саны - 49.
1+ (1+1) + (1+1)+ (1+1)+ (1+1)+...+ (1+1)+ (1+1)+1=100
Бір адам 49жұппен күзетке кезек-кезек шығады, сонда 1 адам артық қалады. 
Ол адаммен күзетке шығу үшін үшінші бір адам керек. Оны 49 жұптың 
арасынан ғана ала аламыз. 49 жұптың арасынан бір адамды алсақ, онда ол 
күзетке екінші рет шығатын болады.
15


Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат
87.
 Дөңгелек бойына тоғыз сан жазылған: төрт рет 1 саны және бес рет 0 
саны жазылды. Әр секунд сайын бұл сандарға мынадай операциялар 
қолданылады: 
-әрбір көрші тұрған сандар әртүрлі болса, олардың арасына 0 саны қойылады.
-әрбір көрші тұрған сандар бірдей болса, арасына 1 саны жазылады.
Сосын бұрынғы жазылған сандарды өшіріп тасталынады. Біраз уақыт өткен 
соң, дөңгелек бойындағы сандар бірдей болуы мүмкін бе?
Шешімі: Жоқ. Себебі, бірдей сандарды алу үшін 1 мен 0 сандары кезектесуі 
керек. Ал бұл есеп шарты бойынша мүмкін емес.
88.
Қорапта 101 тиын бар. Оның ішінде 50 тиын жалған және олар 
шынай тиындардан салмағы бойынша 1 граммға ғана 
айырмашылығы бар (артық немесе кем екені белгісіз). Алмат бір 
тиынды алып, табақты таразыны бір рет ғана қолданып, оның 
жалған немесе шынайы тиын екенін білгісі келеді? Алмат тиынның 
қандай екенін біле ала ма?
Шешімі: Ия.
Алмат ол тиынды 101 тиын арасынан алып тастаса, 100 тиын қалады. 100 
тиынды 50-ден екіге бөліп, табақты таразының екі жағына салғанда олардың 
салмақтарының айрмашылығы:
- жұп санға айырмашылық болса, онда Алматтың алып тастаған 
тиыны - шынайы,
- тақ санға айырмашылық болса, онда Алматтың алып тастаған 
тиыны – жалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет