96.
3 кәмпит және 2 шоколад 29 теңге тұрады. 4 кәмпит және 1 шоколад
27 теңге тұрады. 1 кәмпит қанша теңге тұрады? 1 шоколад қанша
теңге тұрады?
Жауабы: 1 кәмпит-5тг, 1 шоколад-7тг
97.
Глобуста 17 параллель және 24 мередиана сызылған. Глобустың беті
неше бөлікке бөлінген?
Шешімі: 18*24=432
98.
5-ке бөлгенде қалдығы 4, 7-ге бөлгенде қалдығы 6, 9-ға бөлгенде
қалдығы 8-ге тең болатын ең кіші натурал санды тап.
Шешімі: Егер бұл сан 1-ге үлкен болса, ол 5,7,9-ға да бөлінетін болады. 5,7,9-
дың ең кіші ортақ еселігі:315. 1-ді алып тастасақ 314 шығады..
99.
Бір-біріне тең төрт бөлікке бөл.
Шешімі: Алдымен әр шаршыны 4 бөлікке бөліп тастаймыз. Сонда бізде 12
тең бөлік пайда болады. Ал 12-ні 4 бөлу оңай.
100.
Цифрларының көбейтіндісі 132-ге тең болатын натурал сан бар
ма? Жауабыңды дәлелде.
Шешімі: Ондай сан жоқ. 132-нің бөлгіштерінің арасында 11 деген сан бар.
17
Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат
Қолданылған әдебиеттер:
1. Генкин, С.А. Итенберг, И.В. Фомин, Д.В. Ленинградские математические
кружки. Киров, изд. "АСА", 1994. - 272 с.
2. Жаупова, Л.К. Матемаикалық қобдиша. Алматы: Дарын, 2004.
3. Крысин, А.Я. Руденко В.Н. және басқалар. 5-6
сыныптарға арналған
матемтикалық ізденіс себептері. М.: Просвещеие, 1979.
4. Нечаев, В.И. Элементы криптографии. М.: Выш. шк., 1999. - 109 с.
5. // 1-сентября. - 2007-2008. - № 17-27.
18