С. Мәуленов атындағы гимназия


Қатар тұрған үш натурал сандардың көбе»тіндісі 6-ға бөлінетінін



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата08.12.2023
өлшемі179,81 Kb.
#195515
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
5-6- логикалық есептер

81.
Қатар тұрған үш натурал сандардың көбе»тіндісі 6-ға бөлінетінін 
дәлелдеңіз.
Шешімі:
Бұл үш сан арасында 2-ге және 3-ке бөлінетін сан бар. Демек, үшеуінің 
көбейтіндісі 6-ға бөлінеді. 
Мысалы: 11, 12, 13 немесе 14, 15, 16 т.б.
82.
15 бала 100 жаңғақ терді. Ішінде 2 баланың терген жаңғақтар 
санының тең екендігін дәлелдеңіз. 
Шешімі: (Кері жору) Әрқайсының терген жаңғақ саны әртүрлі деп алайық. 
Онда 0+1+2+3+4+5+6+7+8+9+10+11+12+13+14=105
Ал бізде жаңғақ саны – 100. Бұл есепке қайшы келеді. Демек, кем дегенде екі 
баоа бірдей жаңғақ тергені дәлелденді.
83.
 Марал 96 парақты қалың дәптер сатып алып, оның әрбір бетін 1-ден 
192-ге дейін рет-ретімен түгелдей нөмірлеп шықты. Марал қалың 
дәптердің арасынан 25 парақты жыртып алды және сол парақтар 
беттерінде жазылған 50 санды бір-біріне қосты. Осы сандардың 
қосындысы 1990-ға тең болуы мүмкін бе?
Шешімі: Жоқ.
25 парақ – 50 бет – 50 сан
Жұп – ж
Тақ – т 
ж + т = т, т + ж = т
жт жт жт .... жт
тж тж тж .... тж
Мұндай жұптар бізде 25. Ал 25 тақ сандарды қоссақ, тақ сан шығуы керек. 
Ал 1990 – жұп сан.
14


Құрастырған: Маженова Жаңагүл, Байназаров Талғат
84.
Ең алғашқы 36 жай сандардан маниялық квадрат құрастыруға бола ма?
Шешімі: Жоқ, оның арасында 2 саны бар. Егер квадрат құрсақ, 2 тұрған 
жолдың және бағандағы сандардың қосындысы тақ болады., ал қалған 
жолдар мен бағандардағы сандардың қосындысы жұп болады. 
Ж
2
Т
Ж
Ж
Ж
т ж Ж ж ж ж
85.
 Шахмат тақтасын 1*2 доминосымен а1 және һ8 клеткалары ғана бос 
қалатындай етіп жабуға болады ма?
Шешімі: Жоқ.
қ – қара клетка, а – ақ клетка
Егер а1 және һ8 клеткаларын алып тастасақ, онда екі қара клетканы алып 
тастаймыз. Ал домино шахмат тақтасында бір қара, бір ақ клетканы жабады. 
Егер екі қара клетканы алып тастасақ, қара клеткалар ақ клеткалардан аз 
болады. Сондықтан домино шахмат тақтасын жаба алмайды. 
қ 8
а 7
қ 6
а 5
қ 4
а 3
қ 2
қ а қ а қ а қ а 1
a b c d e f g h


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет