— 9 —
dauletten қосымшасындағы БАСПАНАҒА БАҒЫТ ақылы
видео-сабақтарына жазылу үшін:
8-747-942-18-76
(WhatsApp)
жетуі де дәл солай ірілі-ұсақты әрекеттерден тұрады.
Бастысы бір орында тұрып қалмау.
Екіншісі жетістікке жеткен адамдардың
«Бәке, Сәкелері» бар, олар тумысынан жетістікке
жету үшін жаратылған, ал мен жай ғана
жолы болмағандар қатарынанмын деп өздерін
ақтайтындар.
«Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?»
Жақсы өмір сүргіңіз келсе,
сіз де қол қусырып
отырмай әрекет етіңіз. Адамның жасағанын адам
жасайды. Авраам Линкольн бірде былай деген екен
«Мақсатына жеткендер, басқалардың да өз мақсатына
жете алатынының айқын дәлелі».
Қазір жоғарыда
отырғандар кезінде олар да төменде болған, демек,
сіз де жоғарыға шыға аласыз.
Қазір ХХІ ғасыр – ақпараттар заманы. Білім
алыңыз, дамыңыз, ізденіңіз. «Анау жаман, мынау
жаман» деп барлығын теріске шығара берсеңіз
ешкім сізге өз жақсысын алып келіп бермейді.
Өзіңіз
әрекет етпесеңіз, ешкім сізді жарылқамайды.
Өзіңіз орныңыздан тұрып, жұмыс жасаңыз, сонда
ғана пайда көресіз, өзіңіз қалаған өмірді сүресіз.
Қазір «үйде
отырып миллион тап, үйден шықпай
кәсібіңді жүргіз, ештеңе салмайсың тек аласың»
дейтін сөздердің көбейіп кеткені рас. Бұл адам айтса
нанғысыз нәрсе. Қойған мақсатыңа жету: оқу, үйрену,
тәжірибе, ерен еңбекпен келетін дүние. Мысалы,
университет қабырғасындағы жүйе мынандай:
студент оқытушының келіп бірнәрсе үйреткенін