Учебная программа дисциплин по специальности 5В060500 «ядерная физика»



Pdf көрінісі
бет158/457
Дата08.12.2023
өлшемі3,52 Mb.
#195784
түріУчебная программа
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   457
Байланысты:
5В060500- Ядерная физика

 
 
 
 


KKF 4221 КОНДЕНСАЦИЯЛАНҒАН КҮЙЛЕР ФИЗИКАСЫ 
 
Көлемі - 3 кредит 
Авторлар: 
Михайлов Л.В.– т. ғ. к., физика-техникалық факультетінің қатты дене 
және бейсызық физика кафедрасының доценті 
Исмайлова Г.А. – доктор PhD, физика-техникалық факультетінің қатты 
дене және бейсызық физика кафедрасының м.а. доценті 
Пікір жазғандар: 
Алиев Б.А.- физика- математика ғылымдарының докторы,

профессор, 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры
Белисарова Ф.Б. - физика- математика ғылымдарының кандидаты,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің теориялық және 
ядролық физика кафедрасының м.а. профессоры 
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ 
Конденсацияланған күйлер физикасы – күрделі жүйелердің қасиеттерін 
зерттейтін физиканың үлкен бөлімі (бөлшектердің үлкен тығыздығымен және 
олардың арасындағы аса үлкен байланыспен). Осындай жүйелердің дамуыынң 
ерекшеліктерінің бірі – оларды бөлшектердің өзара қатынастарын ескеріп түтас 
ретінде қарастыру, ол жағдай физикалық көзқарасты күрделендіреді. Сипаттау 
квазибөлшектер енгізуімен жеңілдетіледі. Сол уақытта, конденсияланған күй 
физикасы матемтаикалық моделдер қолдану жағынан да, реалды әлемге 
кірістіру жағынан да физиканың өте бай саласы деп есептеуге болады. Ең басты 
бұл кристалдарды зерттеу және жинақталмаған материалдарға қатысты – 
жартылай өткізгіштер, металлдар, диэлектриктер. Осы курс заттың 
конденсияланған күйінің заманауи физикасы туралы негізгі түсініктерімен 
және идеяларымен таныстыруға, осы саладағы ерекше жұмыстармен 
студенттерді таныстыруға, технологиялық есептерді орындауға, қатты дене 
физикасы бойынша есептер шығаруға, физикалық экспериментті қою 
әдістерімен таныстыруға арналған.
Курстың материалын баяндауының негізгі формасы болып табылатын – 
бұл өз бетімен жұмысты ұйымдастыратын дәрістер. Дәріс және семинарларға 
60% - 70% курс материалында баяндалған дәрістер және семинарлар құрайды. 
Қалған 30% - 40% - бұл студенттердің әдебиет көздерін, әдістемелік 
жасақтаулар және интернет сайттарына сілтемелер атауымен болатын 
студенттің өз бетімен жұмыстары. Дәріс және семинарлардың маңызды 
құрамды бөліктері - реал және компьютерлік физикалық эксперименттерді, оқу 
фильмдерін және презентацияларды қолдану.
Пәннің ең маңызды бөліктері зертханалық жұмыстарға шығарылады. 
Әдеттегідей, зертаханылқ жұмыстарда есептердің шығарулардың әр түрлі 


әдістері қарастырылады және де көп кездесетін есептер зерттелінеді. Меңгерілу 
үшін, студенттерге семинарларда қарастыратын есептер жинағынан үйге 
тапсырмалар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   457




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет