Пәнді оқытудың жолдары . Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін
керек шаралар:
- берілген жұмыс жоспары көлемінде теоретикалық материалдарды оқу
және санаға енгізу;
- оқылған теоретикалық материалға байланысты белгілі көлемдегі
есептерді шығару;
- көрсетілген әдебиеттер көздер бойынша студенттердің барлық берілген
көлемдегі өзіндік жұмыстарын орындау;
«Комплекс айнымалы функциялар теориясы» пәнін оқығандағы студенттер білу керек мәселелері :
- осы бағдарламаға кіретін негізгі математикалық ұғымдарды, олардың
өзара байланысын және олардың басқа математикалық пәндерге қатысын білу;
- керек емес толықтыруларды алып тастай отырып, ойланып табу
жолдарын дәл және тиянақтытүрде таба білу;
- комплекс айнымалы функциялар теориясының есептерін шығаруда
тәжірибелік тағылымдар алу және оларды жәй тәжірибелік есептер қоюға,
математикалық әдіс таңдауға қолдана білу;
- комплекс айнымалы функциялар теориясының негізгі әдебиеттерімен
жұмыс істей білу;
- комплекс айнымалы функциялар теориясының қазіргі әдістерін
теоретикалық және ядролық физика есептерін шығаруда маман болу.
ПӘННІҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ № Тақырыптар атауы 1
Комплекс сандар және оларға қолданылатын амалдар
2
Комплекс сандар тізбегінің шегі
3
Комплекс айнымалы функциялар
4
Комплекс айнымалы функцияны дифференциалдау
5
Комплекс айнымалы функцияны интегралдау
6
Коши теорисы
7
Морер және Лиувилл теоремалары
8
Дәрежелік комплекстік Тейлор қатарлары
9
Лоранның дәрежелік қатарлары
10
Шегерім теориясы және оның қолданылуы
11
Логарифмдік шегерім және оны есептеу
12
Конформдық бейнелеу туралы ұғым
13
Негізгі элементар функциялармен жүзеге асатын конформдық
бейнелеулер