KAFT 2211 КОМПЛЕКС АЙНЫМАЛЫ ФУНКЦИЯЛАР
ТЕОРИЯСЫ
Көлемі - 3 кредит
Авторлар:
Түлегенова М.Б. - физика-математика
ғылымдарының кандитаты,
дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының
профессоры
Қойлышов Ү.Қ. – физика-математика ғылымдарының кандитаты
механика-математика факультеті дифференциалдық теңдеулер және басқару
теориясы кафедрасының доценті
Айтжанов С.Е. – физика-математика ғылымдарының кандитаты,
механика-математика факультеті дифференциалдық теңдеулер және басқару
теориясы кафедрасының доцентінің міндетін атқарушы
Пікір жазғандар:
Жиенәлиев М.Т
.
– физика-математика ғылымдарының докторы, ҚР
БҒМ ҒК Математика және математикалық моделдеу институтының
профессоры
Тоқыбетов Ж.Ә.– физика-математика ғылымдарының кандитаты,
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық
университеті механика-
математика факультеті іргелі математика кафедрасының профессоры
ТҮСІНДІРМЕ ХАТ
«Комплекс айнымалы функциялар теориясы» пәнін оқу үшін мектеп
көлеміндегі элементар математика және элементар физика,
аналитикалық
геометрия және сызықтық алгебра, математикалық анализ-1,2 пәндері бойынша
білімдер керек.
«Комплекс айнымалы функциялар теориясы» пәнін меңгерудегі білім
«Дифференциалдық теңдеулер», «Векторлық және тензорлық анализ»,
«Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика» және «Физика»
пәнін құрайтын жалпы курстар мен «Физика», «Ядролық физика», «Теориялық
физика» және «Теориялық физика» мамандықтары бойынша пәндерді
меңгеруге студенттерді дайындайды.
Аралас пәндер
: математикалық анализдің қосымша бөлімдері.
Пәнді оқытудың негізгі мақсаты
. «Комплекс
айнымалы функциялар
теориясы» пәнін оқыту мақсаты:
- белгілі көлемде ақпараттар (анықтамалар, теориялар, олардың
байланыстары) беру және оларды қолдана білуге үйрету;
- басқа математикалық әдістерді, басқа пәндерді оқуға
дайындау;
- алғашқы мағыналары мектеп көлемінде берілген пәнге байланысты
ұғымдарды ғылыми негіздеу және жетілдіру;
- жеке ұғымдардың байланыстарын көрсету,
дербес зерттеулерді
жалпылама жүйеленген әдістермен алмастыру және олар арқылы нақты
есептердің шешімдерін көре білуге үйрету;
- бір жағынан тәжірибелік істерде қолдануға болатын екінші жағынан
қатаң логикалық талдауға негізделген математикалық әдістердің дұрыстығын,
күшін және жалпыламалығын түсіне білу;
- студенттердің
логикалық ойлануын, жеке дара есеп шығаруын және
жалпы математикалық мәдениетін арттыру.
Достарыңызбен бөлісу: