Т.Б. Тауекелова, Г.О. Абдикерова
97
тиіс (Ережепов, 2019). Тиімді әлеуметтік стра-
тегияны таңдауда міндеттер мен қажеттіліктерді
есепке ала отырып, стратегиялық тәсілге сәйкес
келетінбағыттарды таңдау дұрысболатыныанық.
Компанияның бизнес жүргізудегі әлеуметтік
жауапкершілігінің стратегияларын анықтауда
оның басшылары мен жұмысшыларының
құндылықтары да әсер ететінін ескеруіміз керек.
Зерттеуіміздің
басты
мәселесі болып
отырған тиімді әлеуметтік стратегиялар қалай
қалыптасады және олар бәсекелестік артықшы-
лықтарға қалай әсер етеді деген сұрақтарға
келетін болсақ, бәсекелестік артықшылықтарды
қалыптастырудың негізгі көздері ресурстар
екендігі белгілі. Сонымен қатар әлеуметтік
стратегияларға материалдық емес ресурстар
да, атап айтқанда, әлеуметтік капитал, адами
капитал, бедел капиталы да әсер етеді. Бұл ре-
сурстар бизнестің стейхолдерлермен өзара іс-
әрекеттері процесінде дамып отырады. Сондай-
ақ әлеуметтік стратегия тұрғысынан ең маңызды
ресурстың бірі ол – тұтынушылардың сенімі,
нақты айтқанда, жалпы бизнеске деген сенім.
Себебі, бизнеске және компания өнімдеріне де-
ген сенім болмай сұраныстың да болуы мүмкін
емес. Сенім компанияның ерік күш-жігерінің
арқасында ұзақ уақыт бойы дамып, оның
қаржылық көрсеткіштерінің өсуіне де ықпал
ететін ресурс. Бизнесте сенім деңгейі жоғары
болған сайын оның бәсекелестік артықшылығы
тұрақты және күшті болады деп қорытынды
жасауға болады.
Кәсіпорындардың әлеуметтік стратегия-
сын ұйымдастыру мен дамытудағы ең тиімді
элементтерді салыстырмалы бағалау және
анықтау үшін бенчмаркинг технологиясын жа-
сау және қолдану қажет. Бенчмаркингті қолдану
әлеуметтік-жауапкершілік
мінез-құлықтың
экономикалық ұтымдылығын, маңызды не-
месе мағынасыз болып табылатын шығындар
мен корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің
тиімсіз бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді
(Денисов, 2013).
Әрбір бизнесмен өз бизнесінің бағытын
әзірлейді, ұйымды құрады, оның миссиясы мен
стратегиясын, ал сайып келгенде бизнестің
әлеуметтік
институт
ретіндегі
келбетін
айқындайды (Антонова, 2011).
Достарыңызбен бөлісу: