Шетелдік брендтердің корпоративті әлеуметтік жауапкершілік стратегияларын дамыту ерекшеліктері
100
аударуда. Корпоративтік құндылықтары және
кәсіпорынның қызметкерлерімен бірге шешім
қабылдаулары да әлеуметтік стратегия мен
бәсекелестікке ерекше әсер етеді. Корпоративтік
құндылықтарға бағытталған әлеуметтік бағдар
анағұрлым күшті болса, кәсіпорынның әлеу-
меттік стратегиясы да соғұрлым мықты болады.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі стра-
тегиясының мынандай артықшылықтарын атап
өтуге болады:
-
стратегия кәсіпорынның қызметін және
басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз
етеді;
-
бизнестің әлеуметтік жауапкершілік стра-
тегиясы ресурстарды қолданудың альтернативті
нұсқаларын бағалауды қамтамасыз етеді, стра-
тегиялық негізделген және тиімді жобаларға ой-
ластырылған түрде ресурстарды жеткізе алады;
-
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі стра-
тегиясында ең жаңа және прогрессивті, креативті
өңдеулер қолданылады.
Сонымен қатар бизнестің әлеуметтік жауап-
кершілігі стратегиясының кемшіліктері де жоқ
емес.
-
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі стра-
тегиясы кәсіпорынның болашақтағы нақты және
егжей-тегжейлі бейнесін көрсетіп бере алмайды;
-
әрбір бизнесмен бизнестің әлеуметтік жа-
уапкершілігі стратегиясын әрқалай түсінеді
және жүзеге асырады, әрбір менеджердің страте-
гиялық көрегенділік жасай алуы да екіталай;
-
ұйымда бизнестің әлеуметтік жауапкер-
шілігі стратегиясын қалыптастыру үлкен күш
пен еңбекті, көп уақыт пен ресурстарды талап
етеді. Сондай-ақ стратегиялық көрегенділіктің
қателері де көп көрініс береді. Сондықтан әлеу-
меттік жауапкершілік стратегиясын қалып-
тастыру көп уақытты, ресурстарды, инвести-
цияны талап етеді. Ең маңыздысы адами
ресурстарды дұрыс бағалай білу және компания
мен қоғамның өзара сенімді қарым-қатынасын
қалыптастыруға күш салу болып табылады. Биз-
нес жасауға әлеуметтік жауапкершілік тұрғы-
сынан келу қазіргі заманның басты талабы, бұл
өмір сапасының өзгеруімен, тұтынушылардың
қажеттіліктеріне сай қызмет көрсету және бұл
қажеттіліктердің өсу тенденциясын бағалап оты-
румен тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: