АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
БА
СП
АС
Ы
10
– мен бе? мен мақтаншақпын ба?.. сендер көрер көзге
мойындамай тұрсыңдар. Өткенде кәрімнің үйіндегі тойда
көкелерің «қазақ» деген сөздің қайдан шыққанын таба ал-
мады. сонда менің әкем айтып берген. сендердің көкеле-
рің ештеңе...
кеудесіне нан пісу
– дандайсу, менсінбеу
Шамдану
– ашулану
ағат ой
– жаңсақ,
теріс ой
Әрі қарай оқиғаның қалай дамитынын болжаңдар.
– тоқта, талғат! Дауды қойыңдар!
Әмірлі шыққан дауыс барлығын елең еткізді. Нұрым
екен. Ол – бесінші сыныптағы оқу үздігі.
– талғат, сенің айтқаның дұрыс емес!
– Жо-жоқ. Неге?
– мамандық пен кәсіптің жаманы болмайды. Рас,
мектепте, тіпті ауылда сенің
көкеңнен тарихты терең бі-
летін адам жоқ. сырлыбай ағай да сондай. «Қазақ тілі мен
әдебиетін ол кісідей білемін», – деп ешкім айта алмайды.
менің әкем де, Бекетайдың көкесі де – осал жандар емес.
талғат, өзің айтшы, сенің көкең
сол кісілердей техника
сырын біле ме?
– Жоқ, – деді талғат төмен қарап.
сол сәт көкесінің жекеменшік мәшинесі бұзылғанда әр-
кімге жалынып жүретіні есіне түсті.
– кешіріңдер... мен ағат ойлап жүр екенмін. Әркім өз ісі-
нің маманы екенін түсінбеппін. кешіріңдерші...
Әлгінде ғана өз ойларымен арпалысып, талғатқа іштей
өкпелеп тұрған құрдастар көңілденіп сала берді. Өзенге
қарай құлдыраңдай жүгіріп
бара жатқан балалардың
соңынан көтерілген қою шаң ғана қалып барады.
Бақтияр тайжан
Достарыңызбен бөлісу: