Оқулық Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлiгi ұсынған



Pdf көрінісі
бет5/74
Дата10.12.2023
өлшемі9,67 Mb.
#196187
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74
Байланысты:
24194 448605 09

анықта
түсініп оқы
кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалаймын.
таныстырылым құрастырамын.
күріш туралы сыр
Ақ күріштің атасы – ыбырай Жақаевтың ізбасар ініле-
рінің бірі – мақсұт Нұрылдаев. Ол бала кезінде әкесінің 
аузынан мынандай бір аңыз естіген екен.


АЛ
М
АТ
Ы
КІ
ТА
П
 
БА
СП
АС
Ы
13
Баяғыда сыр өңірі – ырысты өлке болыпты. Ақ күріш 
жайқала өсіп, қамба астыққа толыпты. Халықтың қуанышы 
сырдария өзеніндей тасыған кез екен. Ауылдағы күріш еге
-
тін жалғыз қарт кәрілік жеңіп, төсек тартып жатып қалыпты. 
сонда әлгі ақсақал ауылдастарын жиып алып: 
– Жарандар, асарымды асап, жасарымды жасадым. «Ас – 
адамның арқауы» деген ғой, ол еңбекпен табылады. Арқа
-
уы бос арқан үзілгіш келетінін ұмытпаңдар. көктем болса, 
мынау, келіп қалды. Егін егу қажет. кетпен ұстар кім бар? 
көзімнің тірісінде қасиетті кетпенімді өз қолыммен табыс 
етейін. Елін асырайтын ер қайда, қайсың барсың? – депті. 
Жиылған жұрт үн-түнсіз. Қарттар жастарға, жастар
ақсақалдарға қарайды. 
– «сыр өңірі қамысты келеді, сыр перзенті намысты ке
-
леді», – деуші еді аталарымыз. Намыссыздар ғана қалғаны 
ма, түге? Бұларың қалай? кім бар менің қолымнан кетпенді 
алар?
тіс жарып сөйлеген тірі жан болмайды. Қарт диқан теріс 
қарай аунап түседі де мәңгілік көз жұмады. 
көктем өтеді, жаз өтеді. Қыс қаһарына мінген шақта 
қамбадағы ақ күріш те таусылады. Ала жаздай атқа мініп, 
көкпар шапқанына мәз боп жүрген көпшілік не істерін біл
-
мей, қатты күйзеледі.
«Ақымақтың ақылы түстен кейін енеді» дегендей, бәрі 
де бармағын тістеп, диқан атаның тілін алмағанына өкіне
-
ді. «Енді жаз шықса, бәріміз де күріш егейік», – деп келіседі. 
Әкесі осы жерге келгенде мақсұт:
– Әке, мен де күрішші боламын! – деді алысқа қарап.
содан бері көп жыл өтті. 
Баяғы ертегінің әсері ме, өзінің таңдағаны ма, – әйтеуір, 
мақсұт агрономдық білім алып шықты. талай жыл диқан
-
дардың күріштен мол өнім алуына көмектесіп, тапқыр
-
лығымен, еңбекқорлығымен елін сүйсіндірді. 
Базарбай Исаев




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет