Бизнеске кіріспе


технологияларды коммерцияландыру



Pdf көрінісі
бет36/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

технологияларды коммерцияландыру 
орталығы
болып табылады. 
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiне жаңа немесе 
жетiлдiрiлген тауарлар өндiрудi ұйымдастыруда жәрдемдесу үшiн 
құрылған, материалдық-техникалық кешенге иелiк ететiн заңды тұлға
 
конструкторлық бюро 
болып табылады.
Технологиялар трансферті
деп индустриялық-инновациялық 
қызмет субъектiлерінің меншік, иелену және (немесе) пайдалану құқығы 
Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен 
алынған жаңа немесе жетілдірілген технологияларды ендіру процесі 
түсініледі. 
Өзара iс-қимыл жасау және қолда бар мүмкiндiктердi бiрлесiп 
пайдалану, бiлiм және тәжiрибе алмасу, технологияларды тиiмдi беру, 
орнықты әрiптестiк байланыстарды жолға қою және ақпарат тарату 
арқылы индустриялық-инновациялық қызметтi ынталандыруға арналған, 
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған ғылыми 
ұйымдардың, бiлiм беру ұйымдарының, тәуекелмен инвестицияланатын 
акционерлiк инвестициялық қорлардың, венчурлік қорлардың, сондай-ақ 
жеке және (немесе) заңды тұлғалардың бiрлестiгi 
инновациялық кластер
болып табылады. 
ҚР-да бизнесті, кәсіпкерлерді қолдауға арналған мемлекеттік 
бағдарламалар бар. Олардың кейбіріне тоқталсақ. 
«Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлікті қолдау мен 
дамытудың бірыңғай бағдарламасы. Бұл бағдарламаның төрт бағыты 
бар: 
1-бағыт. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау; 
2-бағыт. Салалық қолдау; 
3-бағыт. Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету; 
4-бағыт. Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық емес шаралары. 


55 
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік кәсіпкерлік дағдыларды 
дамыту бағдарламасы қаржылық емес қолдаудың келесідей түрлі 
құралдарын тегін пайдалануды ұсынады: бухгалтерлік қолдау; заң 
қызметтері; кедендік рәсімдер бойынша қызметтер; жобаны қолдау; 
маркетинг; ақпараттық технологиялар бойынша қызметтер; мемлекеттік 
сатып алу; мемлекеттік-жекеменшік әріптестік.
Бағдарлама бойынша кеңесшілер қажетті қаржыландыру көзін 
таңдауға көмектеседі және несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді 
субсидиялау бойынша кеңес береді; банктік заемдар бойынша ішінара 
кепілдік (кепіл болмаған жағдайда); гранттық қаржыландыру алу; 
жетіспейтін өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; кәсіпкерлік 
субъектілеріне салалық қолдау алу (Services.atameken.kz веб-сайтынан 
білуге болады).
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет