Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет46/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

5.1.1. Маркетинг жоспары 
 
Бұл бөлімде кәсіпкер әлеуетті серіктестер мен инвесторларға өзінің 
маркетинг жоспарының негізгі элементтерін түсіндіруі керек. 
Әрбір тауар 
үшін өз егжей-тегжейлі жоспарларын әзірлеу қажет.
Бұл жеке тауарларды 
немесе тауарлар топтарын дайындау жөніндегі жоспарлар, нарықтық 
қызмет жоспарлары және т. б. болады.
Олардың жиынтығы «маркетинг 
жоспары» болып табылады.
Мұнда мақсатқа сәйкес мынадай негізгі: кәсіпорында қандай 
маркетингтік стратегия қабылданған; тауарлардың қалай сатылатындығы - 
өздерінің фирмалық дүкендері немесе көтерме сауда ұйымдары арқылы; 
тауарлардың бағасы қалай анықталады және салынған қаражатқа күтілетін 
табыстылық деңгейі қандай; сатудың тұрақты өсуіне қалай қол жеткізу 
болжанады-өткізу нарығын кеңейту есебінен немесе сатып алушыларды 
тартудың жаңа нысандарын іздеу есебінен; сервис қызметі қалай 


76
ұйымдастырылады және оған қанша қаражат қажет болады; тауарлар мен 
кәсіпорынның қоғам алдындағы жақсы беделіне қалай қол жеткізу 
болжанады.
Сондықтан бұл бөлімге келесі тармақтар енуі керек: 
o
маркетингтің мақсаттары мен стратегиялары;
o
бағаны қалыптастыру;
o
тауарды тарату арналары; 
o
сатуды ынталандыру әдістері; 
o
клиенттерге сатудан кейін қызмет көрсетуді ұйымдастыру; 
o
жарнама; 
o
тауарлар 
мен 
ұйымдастыру 
туралы 
қоғамдық 
пікір 
қалыптастыру.
Маркетингтің мақсаттары мен стратегияларына байланысты 
мәселелерді қарау кезінде кәсіпорын қызметін стратегиялық жоспарлау 
нәтижелерінің негізінде маркетингтің мақсаттарын нақтылау қажет: 

нақты тауарларды (қызметтерді) жеке сату; 

нақты нарыққа ену

жаңа сатып алушылар, жаңа тауарлар шығару және жаңа 
қызметтер ұсыну арқылы нарықтардың өсу перспективаларына

нарықтарда бәсекелі күрес және т. б. 
Осыдан кейін әрбір тұжырымдалған мақсаттарға қол жеткізу үшін 
нақты стратегияларды айқындау қажет. Осыдан кейін әрбір 
тұжырымдалған мақсаттарға қол жеткізу үшін нақты стратегияларды 
айқындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет