Бизнеске кіріспе


Басқару құрылымының органикалық



Pdf көрінісі
бет77/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1

Басқару құрылымының органикалық
түрін сипаттайтын 
қасиеттер тізбесіне тоқталайық, атап айтқанда: 

шешімдер беделге, ережелерге немесе дәстүрлерге негізделген 
емес, талқылау негізінде қабылданады; 

мәселелерді талқылау кезінде назарға алынатын мән-жайлар 
команда емес, билік емес, сенім, лауазымдық нұсқаулықты орындау үшін 
емес, бірыңғай мақсат үшін жұмыс болып табылады

басты біріктіруші факторлар-ұйымның миссиясы мен даму 
стратегиясы; 

жұмысқа шығармашылық көзқарас және кооперация әр 
индивидтің қызметі мен миссиясы арасындағы байланысқа негізделеді; 

жұмыс ережелері нұсқаулық емес, қағидаттар түрінде жасалады; 

қызметкерлер арасында жұмысты бөлу олардың лауазымдық 
емес, шешілетін проблемалардың сипатына байланысты; 

кәсіпорында прогрессивті өзгерістер жүргізуге үнемі дайын. 
Қарастырылып отырған құрылым түрі ұйым ішіндегі қарым-
қатынастардың елеулі өзгеруін болжайды: еңбекті функционалдық бөлу 
қажеттілігі жойылады, әрбір жұмыс істеушінің жалпы табысқа 
жауапкершілігі артады. 
Механикалық немесе бюрократиялық құрылымдарға
сызықтық, 
функционалдық, 
сызықтық-функционалдық 
және 
дивизиондық 
құрылымдар жатады. Ал, 
органикалық құрылымға
сыртқы ортаның 


122
қандай да бір белгісіз жағдайына және инновацияларына бағыттала 
отырып басқарылатын тез бейімделетін, икемді құрылымдар жатады. 
Сызықтық құрылым
қатаң иерархиялық жүйе ретінде күрделі емес 
өндірісті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпорындарда 
қолданылады. Алайда, кәсіпорын және оның өнімділігі үлкейген сайын 
сызықық ұйымдық құрылымды да өзгерту керек. Басқарудың сызықтық 
құрылымы - әр бөлімшеге басқару функцияларын қолына жинақтаған 
және тек өзі жұмысшыларды басқара алатын өз басшысының болуымен 
ерекшеленеді. Оның шешімдері «жоғарыдан төмен» берілу жолы арқылы 
жүргізіледі және төмендегі барлық өкілдер сол шешімді орындауы қажет 
(бөлімше мастері, цех басшысы, кәсіпорын директоры). Бір жерден 
басқару қағидасы мынаны көрсетеді, яғни жұмысшылар бір басшының 
берген тапсырмасын орындау қажет. Жеке маман кадрлар немесе 
функционалдық бөлімшелер сызықтық басқаруға ақпаратты жинау, және 
өңдеуге, шаруашылық қызметті талдауға, басқарушылық шешімдерді 
әзірлеуге, олардың орындалуын қадағалауға көмектеседі, бірақ олар
басқару объектісіне өздерінің бағыттарын немесе нұсқауларын бере 
алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   131




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет