Ұсыныс экономикасы теориясы
– инфляция мен жұмыссыздық мәселесін
шешуде «шығындар» және «жиынтық ұсыныс» ұғымдарына көбірек көңіл бөлетін
қазіргі макроэкономикалық теорияның бір бөлімі.
Ұсыныстың бағалық икемділігі
– тауар ұсынысының пайыздық өзгеруінің
оның бағасының пайыздық өзгеруіне қатынасы; тауар бағасының өзгеруіне ұсыныс
көлемінің өзгеру реакциясы.
Үй шаруашылығы
– экономиканы қажетті ресурстармен жабдықтайтын және
сол үшін ақша алып өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауарлар мен
қызметтерді сатып алатын бір немесе одан да көп тұлғалардан тұратын
экономикалық бірлік.
Үкіметтің трансферттік төлемдері
– үкіметтің біржақты жұмсайтын ақшалай
көмек шығындары.
«Үлкен сегіздік»
– экономикалық мәселелерді шешу және экономикалық
саясатты үйлестіруге талпыныстар жасау үшін басшылары үнемі бас қосып
отыратын өнеркәсібі дамыған елдер (АҚШ, Жапония, Алмания, Ұлыбритания,
Франция, Италия, Канада және Ресей) тобы.
Ішкі қарыз
– мемлекеттің өз елі ішіндегі азаматтарына, фирмаларына және
мекемелеріне деген борышы.
Филлипс қисығы
– жұмыссыздық деңгейі мен бағалар деңгейінің өсуінің
жылдық қарқыны (инфляция) арасындағы байланысты сипаттайтын қисық сызық.
Фискалдық саясат (бюджет-салық)
– толық жұмысбастылықты және
инфляциясыз ұлттық өнім өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған үкіметтің
мемлекеттік шығындар мен салық салу тәртібіне заңдық тұрғыдан саналы түрде
өзгерістер енгізу шаралары.
Фрикциондық жұмыссыздық
– жұмысшылардың бір жұмыс орнынан екінші
бір жұмыс орнына еркін ауысуынан орын алатын қысқа мерзімді жұмыссыздық.
Халықаралық алтын стандарт
– ХІХ-ғасыр мен ХХ-ғасырдың басы
аралығында орын алған халықаралық валюталық жүйе, бұл жүйеге сәйкес әрбір
ел өздерінің ақша бірліктерінің құнын алтынның белгілі бір шамасымен өлшеп
отырды, өздерінің алтын қоры мен айналымдағы ақша массасының тұрақты
арақатынасын қолдап отырды және алтынды еркін түрде сырттан әкелуге және
оны сыртқа шығаруды қолдады.
Достарыңызбен бөлісу: |