Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет24/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99
Байланысты:
Китапша

ОРТАСЫ (7 МИНУТ):
Музыкалық номер: 
«Санау әні»
Барысы: 
Қоңырау соғылады. Тақтада «математика сабағы» деген жазу шығады. «Санау 
әні» қосылады. Балалар орындарынан тұрып, әнді қосылып орындайды. (
https://www.youtube.com/
watch?v=RuAgdgXVvUA
). Интербелсенді тақтада бейнежазбаға қарайды, сандарды қайталайды.
Мұғалім
: Балалар, сендер бірден онға дейін санауды үйрендіңдер. Енді сол білімдеріңді ортаға 
салып, сынау мақсатында «Қайсысы көп?» ойынын ойнасақ қайтеді? Алдымен, ойын шартын түсініп 
алайық, жарай ма?!
//«ҚАЙСЫСЫ КӨП?» ОЙЫНЫ// ОЙЫН АРНАЙЫ КАРТОЧКАЛАР АРҚЫЛЫ ОЙНАТЫ
-
ЛАДЫ// КАРТОЧКАЛАРДА ТҮРЛІ ЖЕМІСТЕР 
НЕМЕСЕ БАСҚА ДА ЗАТТАР ӘРТҮРЛІ 
МӨЛШЕРДЕ БЕЙНЕЛЕНГЕН// ТӘРБИЕШІ БАЛАЛАРҒА ЕКІ КАРТОЧКАДАН (БІРІНДЕГІ 
ЗАТ ЕКІНШІСІНДЕГІДЕН КӨБІРЕК БОЛАДЫ) КӨРСЕТЕДІ// «ҚАЙСЫСЫ КӨП?» ДЕГЕН 
СҰРАҚТЫ ҚОЯДЫ, БАЛАЛАР ЖАУАП БЕРЕДІ// «НЕШЕ АЛМА БАР?» ДЕГЕН СҰРАҚТАР 
ҚОЮ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРМЕН БІРГЕ САНАУҒА БОЛАДЫ. 
//ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛАДЫ// ТАҚТАДА «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫ» ДЕГЕН ЖАЗУ 
ШЫҒАДЫ//
Мұғалім
: Балалар, білім алуда дене шынықтырудың пайдасы зор. Мидың жұмыс істеу қабілетін 
жақсарту үшін жаттығулар жасау өте пайдалы. Қанекей, бірге жаттығу жасайық! 
ӘН ҚОСЫЛАДЫ// ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ТАҚТАДА БЕЙНЕЖАЗБА КӨРСЕТІЛЕДІ// (
HTTPS://
WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=MIVTNVWL7UA
)// БАЛАЛАР КӨРСЕТІЛГЕН ҚИМЫЛ
-
ДАРДЫ ҚАЙТАЛАП, ЖАТТЫҒУ ЖАСАЙДЫ// ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛАДЫ//
Мұғалім:
Жарайсыңдар! Өнерлерің өрге жүзсін! Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, 
Отанын сүйетін рухты, мықты болуларыңды тілеймін! Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Олай болса
бүлдіршіндеріміздің өздеріне өнер, білім үйреткен, сүйікті балабақшаларына арнаған әніне кезек 
берейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет