орталықтың бүлдіршіндеріне
берейік.
//БАЛАҚАЙЛАР ӨЗДЕРІ ЖАТҚА БІЛЕТІН ТАҚПАҚТАРЫН ТЫҢДАУШЫ ҚАУЫМҒА, АТА-А
-
НАЛАРҒА ҰСЫНАДЫ//
1-
бала
:
Бала, бала, баламыз
Бақшамызға барамыз
Күні – бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз.
2-бала:
Мен гүлдерді жұлмаймын
Торғайларды қумаймын
Айтқан сөзді тыңдаймын
Апашымды сыйлаймын.
3-бала:
Көжегім тұршы
Бетіңді жушы,
Айнаға қарашы,
Шашыңды тарашы.
4-бала
:
Алма сыйлап бөбекке
Алма ағаштар сарғайған
Төгілген тер шелектеп
Көрінеді маңдайдан.
2-жүргізуші:
Иә, рас, бала болған бәрі де,
Салған олар балалықтың әнін де.
Бала кезін еске алып отырсақ,
Сол емес пе тіршіліктің мәні де!
- дей келе құрметті ата - аналар, балалық шағымызды
еске ала отырып, сайқымазақтардың бізге ала келген ойынын ойнайық.
// ОЙЫН «ТИЫН ТАСТАМАҚ» ДЕП АТАЛАДЫ //ОРТАҒА САЙҚЫМАЗАҚ ШЫҒЫП ОЙЫНҒА
ҚАТЫСУШЫ АТА-АНАЛАРҒА ОЙЫН ШАРТЫН ТҮСІНДІРЕДІ// ОЙЫН БАРЫСЫНДА
САЙҚЫМАЗАҚ ҚОЛЫНДАҒЫ ТИЫНДЫ АТА-АНАЛАРДЫҢ БІРІНІҢ ҚОЛЫНА САЛАДЫ//
ТИЫН ТҮСКЕН АТА-АНА БЕРІЛГЕН СҰРАҚТАРДЫҢ БІРІНЕ ЖАУАП БЕРУ АРҚЫЛЫ ӨЗ
БАЛАПАНЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІН АЙТАДЫ//
Сұрақтар:
•
Балаңыздың ең сүйікті асы қандай?
•
Бүлдіршініңізді қалай еркелетесіз?
•
Балапаныңыз қандай түсті жақсы көреді?
•
Балақайыңыз сізге деген махаббатын қалай білдіреді? Сіз қалай көрсетесіз?
•
Балаңызбен бірге қандай ойындар ойнайсыз?
|