Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет17/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99
Байланысты:
Китапша

ОРТАСЫ (7 минут)
Барысы: 
Балалар орындарынан тұрады. Жүргізушінің сөздеріне құлақ салады. 
Жүргізуші: 
Біздің еліміз - тәуелсіз ел. Көгінде қыраны қалықтаған, жерінде аң-құсы ойнақ салып, 
ел-жұрты еркін өмір сүрген бейбіт ел. Осындай бақыты елдің бүлдіршіндері де бақытты, көңілді болса 
керек. Ендеше, барлығымыз сергіп алайық! 
//
БАЛАЛАР ЖҮРГІЗУШІНІҢ ОҚЫҒАН ӘРБІР ШУМАҚТАРЫНА САЙ ҚИМЫЛДАР ЖАСАП
ҚАЙТАЛАЙДЫ//


16
Жеңіс күні келгенде
Қуанып біз жүреміз.
//БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІП «АЛАҚАЙ» ДЕП ҮШ РЕТ СЕКІРЕДІ//
Ардагерлерді көргенде
Басымызды иеміз. 
//БАЛАЛАР ОҢ ЖАҚ ҚОЛЫН СОЛ ЖАҚ КЕУДЕСІНЕ ҚОЙЫП, БАС ИЕДІ// 
Батырлардың ұрпағымыз
Қорықпаймыз жаудан да. 
//БАЛАЛАР ЕКІ ҚОЛЫН КӨТЕРІП, КҮШТЕРІН КӨРСЕТЕДІ// 
Белестерден өтеміз
Биік болар таудан да. 
//БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫН КӨТЕРІП, ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ СОЗАДЫ// 
Бақыттымыз себебі
Бейбіт өмір сүреміз. 
//БАЛАЛАР ОРЫНДАРЫНДА ТҰРЫП ҮШ РЕТ АЙНАЛАДЫ//
Ата – баба ерлігін 
Мәңгі біліп жүреміз. 
//БАЛАЛАР БЕС РЕТ ҚОЛ ШАПАЛАҚ ҰРАДЫ//
Жүргізуші: 
Мінеки, балалар, «Жеңіс күні туралы өлеңнің мәнін түсініп, сергіп те қалдық. 
Ал осы жеңіске жету жолында ата-бабаларымыз ақ туды межелі жеріне жеткізіп, мергендіктерін де 
сынаған еді. Енді біз де сол аталарымыз бен апаларымыздың рөліне кіріп, ойын ойнап көрсек қайтеді?! 
Олай болса, ойын шарттарымен танысып алайық. 
 
«Жалаушаны тез жеткіз» ойыны.
 Белгі бойынша әр қатардағы бірінші тұрған бала көр-
сетілген межеден жалаушаны алып, өз тобына қарай жүгіреді. Тобына жеткенде қатардағы келесі 
тұрған баланың 
қолына береді. Соңына жеткенше солай қайталанады. Жалаушаны жылдам жеткізген 
топ ұтады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет