Қатысушылар:
кішкентай биші қыздар, биші ұл балақайлар,
гүлге су құюшы (ұл балалар).
•
Музыкалық номер:
«Қош келдің, Көктем» әні
•
Қойылым барысы:
«Көктемнің оянуы». «Гүл» болып киінген қыз балалар ортада шахмат
ретімен жайғасады. (
https://www.youtube.com/watch?v=6Q44_75-HaQ
) Бағбан костюміндегі ұл ба-
лалар қолдарына сусепкіш (лейка) ұстап, бір қатармен келіп, әрқайсысы бір гүлдің жанына тұрып,
сусепкіштен суара бастайды.
//«ҚОШ КЕЛДІҢ, КӨКТЕМ» ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ (
https://www.youtube.com/watch?v=Qb0o-
HVG2Y8
)// ӘН ЫРҒАҒЫМЕН ГҮЛДЕР ЖАЙҚАЛЫП ШЫҒА КЕЛЕДІ// БАҒБАН ГҮЛДІҢ
ҚОЛЫНАН ҰСТАП АЙНАЛДЫРАДЫ// БАҒБАН МЕН ГҮЛ ҚОЛ ҰСТАТСЫП ӘДЕМІ ӘУЕН
ЫРҒАҒЫМЕН БИ БИЛЕЙДІ// ӘН АЯҚТАЛҒАН СӘТТЕ ОРЫНДАРЫНА ЖАЙҒАСАДЫ//
ОРТАҒА ЖҮРГІЗУШІ ШЫҒАДЫ//
Жүргізуші:
Наурыз айының сегізі-
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Аруларға айтар лебізі.
Қымбатты қонақтар, «Көктемнің гүлдері» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Көңілдеріңізге
көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, бүгін міне 8 Наурыз арулар мерекесі келіп жетті. Бұл - біздің
әжелеріміздің, аналарымыздың, әпке-қарындастарымыздың, жалпы нәзікжанды арулардың мерекесі.
Бүгінгі мерекелік кешіміз өмірдің нұры, көңілдің жыры, көктемнің гүліндей құлпырған қыздарымызға
арналады. Ендеше кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалайық!
// ОРТАҒА БИШІ ҰЛДАР ҚАЛПАҚ (ШЛЯПА), КЛАССИКАЛЫҚ ЖЕЙДЕ НЕМЕСЕ СМО
-
КИНГ КИІП ШЫҒАДЫ// «ДЖЕНТЕЛЬМЕНДЕР БИІ» АРҚЫЛЫ КӨРЕРМЕНДЕР МЕН АРУ
ҚЫЗДАРДЫҢ КӨҢІЛДЕРІН КӨТЕРЕДІ//(
https://www.youtube.com/watch?v=zMOtDdObbqQ
)
ОРТАСЫ (5 МИНУТ):
Достарыңызбен бөлісу: |