Ақшақар:
Бірлесе көтерген жүк жеңіл. Достар, барлығымыз бірлесе сыйлықтарды жинайық.
// КӨҢІЛДІ МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// ОРТАДА ҮШ НЕМЕСЕ ТӨРТ ТҮСТІ ТЕКШЕЛЕР
ШАШЫЛЫП ЖАТАДЫ// БАЛАЛАРҒА ТЕКШЕЛЕРДІ ТҮСІНЕ СӘЙКЕС ЖИНАУ
ҚАЖЕТТІГІ ТҮСІНДІРІЛЕДІ// ОЛАР ОРЫНДАРЫНАН ТҰРЫП, ТЕКШЕЛЕРДІ ТҮСІНЕ
СӘЙКЕС СЕБЕТТЕРГЕ САЛЫП ЖИНАЙДЫ// ТАПСЫРМАНЫ ТОЛЫҚ ОРЫНДАҒАН СОҢ
ОРЫНДАРЫНА ОРАЛАДЫ//
Көмекші:
Мәссаған, сыйлықтарды қалай тез жинап тастадыңдар?! Керемет! Жарайсыңдар!
ОРТАСЫ (5 МИНУТ):
Барысы:
Ортада жасыл шыршаның суреті ілінген арнайы тақта тұрады.
Көмекші өлеңдетіп,
шыршаға қарай жақындайды.
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
- деп өлеңдеткен Көмекші шыршаға қарап шошып кетеді.
Көмекші:
Ақшақар, Ақшақар, шыршамызға не болған?
Ақшақар:
Мәссаған, шыршамызды сәндеуді ұмытып кеткен екенбіз ғой. Аяз ата сиқырлы
таяғының ұшымен лезде шыршаны ажарландырып жіберетін еді. Ал қазір бізде сиқырлы таяқша жоқ.
// ШЫРШАНЫ КӨРГЕН АҚШАҚАР ЖЫЛАЙ БАСТАЙДЫ// КӨМЕКШІ ОНЫ
ЖҰБАТАДЫ//
Көмекші:
Ақшақар, жыламашы. Бірлік бар жерде алынбайтын қамал жоқ. Достармен бірлесіп
шыршаны сәндейміз. Иә, достар?
//БАЛАЛАР ХОРМЕН «ИӘ» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ// МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// ӘР БА
-
ЛАҒА ШЫРШАНЫ СӘНДЕУГЕ АРНАЛҒАН ЗАТТАРДЫҢ (БАНТИК, ШАР, ӘШЕКЕЙЛЕР)
СУРЕТТЕРІ САЛЫНҒАН ПІШІНДЕР ҮЛЕСТІРІЛЕДІ// БАЛАЛАР КЕЗЕКПЕН ШЫРШАНЫҢ
СУРЕТІ ІЛІНГЕН ТАҚТАҒА ЖАҚЫНДАП, ҚОЛЫНДАҒЫ ЗАТТАРЫН
ЖАБЫСТЫРЫП, ШЫРШАНЫ БЕЗЕНДІРЕДІ//
|