ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
ойынға қажетті тиын, тәттілер, тәттілер салуға арналған
дорбалар.
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР:
жүргізушілердің сахналық костюмдері, сайқымазақтың
киімі, мұрнына арналған қызыл түсті доп пішіндес құрал, аю мен қоянның сахналық киімдері.
БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
кемпірқосақ түстес маталар, күлімдеген
алтын күннің суреті, көбелектер, гүлдер.
ҰЗАҚТЫҒЫ:
15 минут
БАРЫСЫ:
БАСЫ (3 минут):
//БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ЖАЙМАШУАҚ КҮН НҰРЫ ТӨГІЛГЕН, АСПАНДА ӘСЕМ
КЕМПІРҚОСАҒЫ ЖАЙҒАСЫП, АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕРГЕ КӨҢІЛДІ ҚОНҒАН КӨБЕЛЕКТЕР
БЕЙНЕЛЕНГЕН САХНАДА ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП ТҰРЫП, КӨҢІЛДІ ӘУЕН
ЫРҒАҒЫМЕН ҚОШЕМЕТТЕП ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ОРТАҒА ШАҚЫРАДЫ//
1-жүргізуші:
Армысыңдар, балалар, бармысыңдар!
Жаз да келді жайнаған гүлді шыңдар.
Алдыменен алайық амандасып,
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
2-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар, ата - аналар, балақайлар!
Баршамызды бала тілмен баурайтын,
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
Бала емес пе бал бұлақтай жалғайтын.
Сүйкімді періштелер сендерсің,
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
Ең алдымен, балалықты меңгерсін.
1-жүргізуші:
1950 жылдан бастап маусым айының алғашқы жұлдызы Халықаралық балаларды қорғау күні
ретінде аталып өтіледі. Бұл күні жер бетіндегі барлық балаларға ерекше назар аударылып, ата-аналары
өздерінің бөбектерін қуантып, шаттыққа бөлейді. Осындай бақытты балбөбектеріміздің бүгінгі
мерекемізге, балалар күніне, арнаған кешіне қош келдіңіздер!
Ендеше, алғашқы сөз кезегін
Достарыңызбен бөлісу: |