Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет19/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99
Байланысты:
Китапша

ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
ойынға қажетті тиын, тәттілер, тәттілер салуға арналған 
дорбалар.
 
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДЕР: 
жүргізушілердің сахналық костюмдері, сайқымазақтың 
киімі, мұрнына арналған қызыл түсті доп пішіндес құрал, аю мен қоянның сахналық киімдері. 
 
БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР:
кемпірқосақ түстес маталар, күлімдеген 
алтын күннің суреті, көбелектер, гүлдер.
ҰЗАҚТЫҒЫ: 
15 минут
БАРЫСЫ:
БАСЫ (3 минут):
//БҮЛДІРШІНДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ ЖАЙМАШУАҚ КҮН НҰРЫ ТӨГІЛГЕН, АСПАНДА ӘСЕМ 
КЕМПІРҚОСАҒЫ ЖАЙҒАСЫП, АЛҚЫЗЫЛ ГҮЛДЕРГЕ КӨҢІЛДІ ҚОНҒАН КӨБЕЛЕКТЕР 
БЕЙНЕЛЕНГЕН САХНАДА ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕР ЖАСАП ТҰРЫП, КӨҢІЛДІ ӘУЕН 
ЫРҒАҒЫМЕН ҚОШЕМЕТТЕП ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ОРТАҒА ШАҚЫРАДЫ//
1-жүргізуші:
Армысыңдар, балалар, бармысыңдар!
 
Жаз да келді жайнаған гүлді шыңдар.
 
Алдыменен алайық амандасып,
 
Армысыңдар бәрің де, армысыңдар!
2-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, мерекеге жиналған қонақтар, ата - аналар, балақайлар! 
 Баршамызды бала тілмен баурайтын,
 
Бала деген бір бақыт қой самғайтын.
Ата - ананың арманы мен тілегін,
 
Бала емес пе бал бұлақтай жалғайтын.
 
Сүйкімді періштелер сендерсің,
 
Қандай бейне өздеріңе тең келсін!
 
Данышпан да, ғарышкер де, ғалым да,
 
Ең алдымен, балалықты меңгерсін. 
1-жүргізуші:
1950 жылдан бастап маусым айының алғашқы жұлдызы Халықаралық балаларды қорғау күні 
ретінде аталып өтіледі. Бұл күні жер бетіндегі барлық балаларға ерекше назар аударылып, ата-аналары 
өздерінің бөбектерін қуантып, шаттыққа бөлейді. Осындай бақытты балбөбектеріміздің бүгінгі 
мерекемізге, балалар күніне, арнаған кешіне қош келдіңіздер!
Ендеше, алғашқы сөз кезегін
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет