16
Жеңіс күні келгенде
Қуанып біз жүреміз.
//БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІП «АЛАҚАЙ» ДЕП ҮШ РЕТ СЕКІРЕДІ//
Ардагерлерді көргенде
Басымызды иеміз.
//БАЛАЛАР ОҢ ЖАҚ ҚОЛЫН СОЛ ЖАҚ КЕУДЕСІНЕ ҚОЙЫП, БАС ИЕДІ//
Батырлардың ұрпағымыз
Қорықпаймыз жаудан да.
//БАЛАЛАР ЕКІ ҚОЛЫН КӨТЕРІП, КҮШТЕРІН КӨРСЕТЕДІ//
Белестерден өтеміз
Биік болар таудан да.
//БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫН КӨТЕРІП, ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ СОЗАДЫ//
Бақыттымыз себебі
Бейбіт өмір сүреміз.
//БАЛАЛАР ОРЫНДАРЫНДА ТҰРЫП ҮШ РЕТ АЙНАЛАДЫ//
Ата – баба ерлігін
Мәңгі біліп жүреміз.
//БАЛАЛАР БЕС РЕТ ҚОЛ ШАПАЛАҚ ҰРАДЫ//
Жүргізуші:
Мінеки, балалар, «Жеңіс күні туралы өлеңнің мәнін түсініп, сергіп те қалдық.
Ал осы жеңіске жету жолында ата-бабаларымыз ақ туды межелі жеріне жеткізіп, мергендіктерін де
сынаған еді. Енді біз де сол аталарымыз бен апаларымыздың рөліне кіріп, ойын ойнап көрсек қайтеді?!
Олай болса, ойын шарттарымен танысып алайық.
«Жалаушаны тез жеткіз» ойыны.
Белгі бойынша әр қатардағы бірінші тұрған бала көр-
сетілген межеден жалаушаны алып, өз тобына қарай жүгіреді. Тобына жеткенде қатардағы келесі
тұрған баланың
қолына береді. Соңына жеткенше солай қайталанады. Жалаушаны жылдам жеткізген
топ ұтады.
Достарыңызбен бөлісу: