Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


Ақшақар: Қандай әдемі! Рақмет, достар. Шыршамызды құлпыртып жібердіңдер.  Көмекші



Pdf көрінісі
бет12/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99
Байланысты:
Китапша

Ақшақар:
Қандай әдемі! Рақмет, достар. Шыршамызды құлпыртып жібердіңдер. 
Көмекші: 
Иә, шыршамызды әдемі безендірдік. Бірақ бір нәрсе жетпей тұрған сияқты. Қанеки, 
ойланайықшы... Ааа, таптым! Шыршаның айналасындағы ойыншықтар қайда екен?
Ақшақар: 
Расымен де, шыршаның түбінде көптеген ойыншықтар жататын еді ғой. Достар, 
ойыншықтарды табуға көмектесесіңдер ме?
//БАЛАЛАР ХОРМЕН «ИӘ» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ// МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// БАЛАҚАЙЛАР 
ОРЫНДЫҚТЫҢ АСТЫНДА, ТАҚТАНЫҢ АРТЫНДА, БҰРЫШ-БҰРЫШТА ТЫҒЫЛҒАН 
ЖҰМСАҚ ОЙЫНШЫҚ, ДОП, ҚУЫРШАҚ, ОЙЫНШЫҚ КӨЛІКТЕРДІ ІЗДЕП ТАУЫП
ШЫРШАНЫҢ ТҮБІНЕ ЖИНАЙДЫ// БАРЛЫҒЫН ОРНАЛАСТЫРҒАН СОҢ ҚОЛ 
ШАПАЛАҚТАП, ОРТАҒА ЖИНАЛЫП ТҰРАДЫ// 
Көмекші: 
Міне, тамаша! Жаңа жыл деп осыны айт. «Досы көпті жау алмайды» деген рас екен! 
Достарымыздың көмегімен барлық істі бітірдік. 
Ақшақар:
Дұрыс айтасың. Достар, бізге көмектескендеріңе рақмет. Қуанып тұрғаным соншалық, 
ән айтқым келіп тұр. 
СОҢЫ (5 МИНУТ):
• 
 Барысы: 
«Жаңа жылды қарсы алайық» әні қосылады. Балалар Ақшақармен бірге ән салып, би 
билейді. (
https://www.youtube.com/watch?v=BFzzRKqie0A
) Ән орындалып болған соң, ортаға Аяз ата 
кіріп келеді. 
Ақшақар:
Аяз ата, қайда болдыңыз? Сізді іздеп - іздеп таппадық. 
Аяз ата:
Ақшақар қызым, кеше тәттіні көп жеп қойған секілдімін. Тісім ауырып, дәрігерге 
бардым. Дәрігер маған дәрі берді. Енді ауырмас үшін тәттіні көп жемеуім қажет екен. 
Көмекші:
Аяз ата, сіз болмағандықтан Жаңа жылға достарымызбен бірге дайындалдық. 
Сыйлықтарды жинадық, шыршаны безендірдік. 
Ақшақар: 
Иә, ата, достарымыз бізге өте көп көмектесті! 
Аяз ата:
Жарайсыңдар! Ақшақарға көмектескендерің үшін сендерге сыйлық берейін. Жаңа жыл 
құтты болсын! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет