Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР



Pdf көрінісі
бет26/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99
Байланысты:
Китапша

БЕЗЕНДІРУГЕ ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР
: үш түсті алма макеті, түрлі маталардан 
жасалған гүлдер, жылы жаққа ұшқан құстар суреті, көкөністер мен жемістер салынған себеттер
ҰЗАҚТЫҒЫ:
20 минут
БАРЫСЫ:
БАСЫ (7 МИНУТ)
Музыкалық номер: «Алма әні» әні
Барысы
: Күзгі алма бағы түрінде безендірілген сахнаға «Алма әні» әуенімен балалар 
шы-ғады. Қыздар қызыл түсті, ұлдар жасыл түсті алма киімін киген. 
(
https://www.youtube.com/
watch?v=1Nfu9Wo7JzU

Балалар билеп шығып, ән аяқталған соң, жартылай шеңбер жасап тұрады. 
Бағбан костюміндегі жүргізуші ортаға келеді. 
Бағбан

Қуандырып біздерді
Мереке келді, күз келді.
Кел жемісті алтын күз,
Кемелденсін ел енді.
Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған 
берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Күзгі алма бағы» атты ертеңгілігімізді 
бастаймыз. Алдымен, біздің ақылды бүлдіршіндеріміздің күзге арналған жырларын тыңдайық.
//ТАҚПАҚ АЙТАТЫН БАЛАЛАР АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРҒА ШЫҒЫП, ТІЗІЛІП ТҰРАДЫ//
Бірінші бала
:
Келді міне, алтын күз
Қуанады халқымыз
Жеміс жинап бақшадан,

Шаттанамыз бәріміз.
Екінші бала
:
Күз келгенде тамаша,
Ән саламыз жараса.
Жеміс -жидек піскенде,
Жейміз оны таласа.
Үшінші бала:
Алақай, алақай !
Шаттанады балақай.
Алтын күз – береке,
Алтын күз – мереке.
Төртінші бала

Көрініп еліме,
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме,
Күз дейтін мереке.
Бесінші бала

Берекесін сыйлауға,
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.


25
Алтыншы бала:
Тамсандырар бал дәмі
Қызыл, жасыл алмамыз. 
«Күзгі алма бағын»
Көруге біз шақырамыз. 
Хормен
:
Бұл кеште мерекелік 
Би билеп, ән салайық. 
Өнерді көрсетелік,
Қанекей, қарсы алайық!
ОРТАСЫ (8 минут):
Барысы
: Музыка қосылады. Бағбан_:_Жарайсыңдар!_Ал_көкөністердің_қандай_түрін_білесіңдер_Балалар'>Балалар_:_Күз_мезгілі._Бағбан'>Балалар ортада «Алма биін» билейді. (
https://www.youtube.com/
watch?v=to3BpGzdxA0
) Қолдарын бұлғап секіреді. Төрт-бестен топталып, шеңбер жасай айналады. 
Үш қатар жасап тұрып, оңға және солға иіледі. Әркім өз орындығына барып, алма салынған кішкен-
тай себеттерін қолдарына алады. Көрермен - қонақтарға алма үлестіреді. Қол шапалақ соғып ортаға 
жиналады. Би аяқталады. 
Бағбан
: Күн салқындады. Бірде күн ашық болса, бірде жаңбыр жауып тұрады. Құстар ұшып, 
жылы жаққа кетіп барады. Жапырақтар сарғайып, айналаны алтын көрпеге орады. Бұл қандай жыл 
мезгілі екен?
Балалар
: Күз мезгілі. 
Бағбан
: Дұрыс айтасыңдар. Күз – молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады. 
Себебі, жомарт күз мезгілінің бізге берер сыйы мол: қамбалар астыққа толып, жемістер мен көкөністер 
піседі. Сендер қандай жемістерді білесіңдер?
Балалар
: алма, алмұрт, шие, өрік...
Бағбан
: Жарайсыңдар! Ал көкөністердің қандай түрін білесіңдер?
Балалар
: қияр, қызанақ, картоп, сәбіз, қызылша...
Бағбан
: Дұрыс айтасыңдар. Ендеше, балалар, «Жемістер мен көкөністер» ойынын ойнайық. 
//МУЗЫКА ҚОСЫЛАДЫ// «ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕР» ОЙЫНЫ// ЖЕРГЕ КӨКӨНІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет