30
6- бүлдіршін
:
Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл, армысың!
Оранды ақ көрпеге
Асқартау қарлы шың.
Сиқыршы
: Бәрекелді, тақпақты да айта алады екенсіңдер. Маған таңдау жасау қиын болайын
деп тұр ғой. Балалар, көңілді Тәттілэнд елінде жиі би билейміз. Сендер билеу білесіңдер ме?
//БАЛАЛАР ХОРМЕН «ИӘ» ДЕП ЖАУАП БЕРІП, ОРТАҒА ШЫҒАДЫ// «HAPPY NEW YEAR!!!»
ӘНІ ҚОСЫЛАДЫ// (
HTTPS://WWW.YOUTUBE.COM/WATCH?V=ENKP6BILFCS
) ХАНЗАДАЛАР
МЕН ХАНШАЙЫМДАР ВАЛЬС БИЛЕЙДІ// БИ АЯҚТАЛҒАН СОҢ БАРЛЫҒЫ ОРЫНДАРЫНА
ЖАЙҒАСАДЫ// ОРТАДА СИҚЫРШЫ ЖАҒЫН ТАЯНЫП, КҮРСІНІП ОТЫРАДЫ//
Сиқыршы
: Иә, Тәттілендтің ханзадасы мен ханшайымын табу оңайға соқпайтын тәрізді.
Барлығы білімді де, өнерлі де екен. Таптым! Балалар, біз қазір ойын ойнаймыз. Кім бәрінен жылдам
болса, соны таңдап аламын.
СОҢЫ (5 МИНУТ):
Сиқыршы:
Балақайлар, алдымен, ойын шартын түсініп алайық. Содан соң жылдамдықтарыңды,
шапшаңдықтарыңды ортаға саласыңдар, жарай ма?!
//«НЕ ПАЙДАЛЫ?» ОЙЫНЫ// БАЛАЛАР ЕКІ ҚАТАРҒА ТІЗІЛІП ТҰРАДЫ, ОЛАР
-
ДЫҢ АЛДЫНА ҮСТЕЛ ҚОЙЫЛАДЫ// ҮСТЕЛДІҢ ЕКІ ЖАҒЫНДА СЕБЕТ ЖӘНЕ ҚОҚЫС
ЖӘШІГІ ТҰРАДЫ// ҮСТЕЛДЕ ПАЙДАЛЫ ЖЕМІСТЕР МЕН КӨКӨНІСТЕРДІҢ ЖӘНЕ ТӘТ
-
ТІЛЕРДІҢ СУРЕТТЕРІ НЕМЕСЕ ОЙЫНШЫҚТАР ЖАТАДЫ// ӘР БАЛА КЕЗЕК – КЕЗЕК
ЖАҚЫНДАП, БІР ЗАТТЫ ТАҢДАП АЛАДЫ// ПАЙДАЛЫ БОЛСА
СЕБЕТКЕ, ЗИЯН БОЛСА
ЖӘШІККЕ САЛАДЫ// ОЙЫН АЯҚТАЛҒАНДА ОРЫНДАРЫНА ОРАЛАДЫ//
Сиқыршы
: Иә, бұл бақшаның ханзадалары мен ханшайымдары бірінен – бірі асқан білімді,
өнерлі, сымбатты, тапқыр екен. Кімді таңдарымды білмей тұрмын.
Жүргізуші
: Иә, біздің балалар өте ақылды. Ненің пайдалы, ненің зиян екенін де түсінеді.
Сондықтан, Тәттілэнд еліндегі тым көп тәттінің зиян екенін біледі. Біздің ханзада мен ханшайымдарымыз
өзімізге керек. Әрқайсысы бір-бір үйдің ерке ханзадасы мен ханшайымы. Әркімнің орны біз үшін бөлек.
Сиқыршы
: Өкінішті. Ендеше, мен барып басқа бақшалардан іздеп көрейін. Ал маған жаңа
жылдық өлең айтып, би билеп бергендерің үшін сендерге сыйлықтарым бар (сыйлықтарды таратып
береді). Жаңа жыл құтты болсын, өркендерің өссін. Сау болыңдар!
Жүргізуші
:
Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
Құт болып береке бер халқымызға
Мерейін мәртебесін биікке асыр.
Балалар, жаңа жыл құтты болсын! Балабақшаның, ата-аналарыңның, елі-міздің мақтанышы
болып өсіңдер. Осымен «Ханзада мен ханшайым» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Жаңа жыл баршамызға
берекелі, мерекелі жыл болсын!
Достарыңызбен бөлісу: