Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41



Pdf көрінісі
бет36/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   99
Байланысты:
Китапша

Балалар (хормен)

Аналарды сүйеміз!
Сөзін ойға түйеміз.
Әрқашан біз ардақтап,
Әжеге бас иеміз!
Сенен өскен балалар-
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Кұрметті апа, аналар!
ОРТАСЫ (10 МИНУТ):
• 
Музыкалық номер: «Шығыс» биі
• 
Барысы: 
Сахнаның екі жақ шетіне орындықтар тізіліп қойылады. Әр орындықта әр баланың 
анасы немесе әжесінің суреті тұрады. Балалар өз аналарының (әжелерінің) суреті тұрған орындыққа 
барып, суретті қолына алып отырады. 
Жүргізуші: 
 
Балалар бүгін қандай мереке? (Аналар мерекесі)
 
Әлемдегі ең аяулы жан кім? (Ана)
 
Ең мейірімді адам кім? (Ана)
 
Сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? (Иә)
 
Аналарымызды құттықтаймыз ба? (Иә) 
Ақ анашым, әппағым.
Өзің жайлы айтпағым.
Арналады сіздерге
Балдай тәтті тақпағым - дей отыра, балалардың сіздерге арнаған тақпақтарын назарларыңызға 
ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!
//ТАҚПАҚ АЙТАТЫН БАЛАЛАР АНАЛАРЫНЫҢ СУРЕТІН ҚҰШАҒЫНА АЛЫП, ОРТАҒА 
КЕЛЕДІ//
1- бүлдіршін:
Жарқын жүзді жан анам,
Сендей болсын бар адам.
Сендей болса бар адам,
Шаттық кетпес баладан.
2-бүлдіршін: 
Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Мерекеде бір-бірден
Аналарға сыйлаймыз.


32
3-бүлдіршін: 
Ақ анашым, аппағым,
Өзің жайлы тақпағым.
Өзің жайлы әнім де,
Арнадым саған бәрін де.
4-бүлдіршін: 
Шашымды өріп тараған,
Қабағымақараған.
Үлкен-кіші демейді
Сыйлайды оны бар адам.
5-бүлдіршін: 
Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.
6-бүлдіршін: 
Бізге қарап елжіреп, 
Сүйсе беттен күнім деп,
Құшақ ашса келші деп,
Жүгіреміз күлімдеп.
7-бүлдіршін: 
Анам кетсе жұмысқа
Анашымды сағынам.
Құлағына сыбырлап
Анама арнап ән салам.
8-бүлдіршін: 
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын!
Жүргізуші:
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер би билейді тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде.
« » тобының биші қыздарын «Шығыс биімен» сахна төріне шақырамыз!
//КІШКЕНТАЙ БИШІ ҚЫЗДАРДЫҢ ӨНЕРІНЕН СОҢ МЕРЕКЕЛІК ОЙЫНДАРҒА КЕЗЕК 
БЕРІЛЕДІ//
Жүргізуші:
Бөбегі үшін түн ұйқысын төрт бөлер, қолындағы барын, жанын да салар аяулы 
аналарымызға алғыс білдіріп, тілін алып, қолғанаты болу біздер үшін парыз десек артық болмас.
Балалар, сендер аналарыңа көмектесесіңдер ме? (Иә) Ендеше, «Анама көмектесемін» ойынын 
ойнайық. Балалар, мына жер шашылып қалыпты. Жұмыстан шаршап келген анамызды қуанту үшін 
барлығын әдемілеп реттеп қояйық. 
//«АНАМА КӨМЕКТЕСЕМІН» ОЙЫНЫ //ЕКІ ҚАТАРДАҒЫ БАЛАЛАР ЕКІ ТОП БОЛЫП 
БӨЛІНЕДІ. ЖЕРГЕ ҰСАҚ ДОПТАР ШАШЫЛАДЫ// БАЛАЛАР ҚОЛДАРЫНА СЫПЫ
-
РҒЫШ АЛЫП КЕЗЕК – КЕЗЕК АУЫСЫП, БЕЛГІЛЕНГЕН УАҚЫТ ІШІНДЕ ДОПТАРДЫ 
СЕБЕТКЕ ЖИНАЙДЫ// ҚАЙ ТОП КӨП ЖИНАСА, СОЛ ТОП ЖЕҢЕДІ//
//«КІШКЕНТАЙ КОНДИТЕР» ҚЫЗДАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН// ОРТАДА БЕТІНЕ КЕКСТЕР 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет