Жүргізуші : Міне, қызық. Сөзіңізге қарасақ, керемет ел екен. Ал сондай тәтті елден біздің бақшаға
не үшін келдіңіз?
Сиқыршы : Тәттілэнд елінің кішкентай ханзадасы ер жетіп, ханшайымы бойжетіп кетіп қалды.
Сондықтан біздің елге жаңа ханзада мен ханшайым керек. Оларды сіздің балабақшаңыздан тапсам ба
деймін.
Жүргізуші : Біздің ханзадалар мен ханшайымдар өз балабақшамызға да керек. Сізге ертіп жібере
алмаймыз.
Сиқыршы : Оны балалардың өздерінен сұрап көрейік. Балалар, Тәттілэндке барып, көп тәтті
жегілерің келеді ме?
Балалар : Иә, иә, иә!
ОРТАСЫ (8 МИНУТ): Барысы : Сиқыршы балалардың алдына үлкен қорап алып келеді. Қораптың ішінде ханзада мен
ханшайымды таңдап алуға қажетті заттар болады. Сиқыршы алдымен қораптан бірнеше суреттерді
алып шығады.
Сиқыршы : Тәттілэнд елінің ханзадасы мен ханшайымы өте білімді болу керек. Қанекей,
балалар, білімдеріңді тексерейік.
//СИҚЫРШЫ БАЛАЛАРҒА КЕЗЕК – КЕЗЕК ТҮРЛІ ЗАТТАРДЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТІП «БҰЛ НЕ?» ДЕП СҰРАЙДЫ// БАЛАЛАР КӨРГЕН ЗАТТЫҢ АТАУЫН АЙТАДЫ// МЫСАЛЫ: ШЫРША, ДОП, ОЙЫНШЫҚ, ОРЫНДЫҚ, Т.Б// Сиқыршы : Балалар, сендер барлығын біледі екенсіңдер ғой! Жарайды, ал сендер жаңа жыл
туралы тақпақ білесіңдер ме?
//БАЛАЛАР ХОРМЕН «ИӘ» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ//ОРТАҒА ТАҚПАҚ АЙТАТЫН БАЛАЛАР ШЫҒАДЫ// 1-бүлдіршін : Тамаша, тамаша, Шыршамыз тұр жараса. Басында әсем жұлдызы Көз тоймайды қараса. 2-бүлдіршін : Жаңа жыл, жаңа жыл, Жаңа жылға жаңа жыр. Жасыл шырша жанында Билеп барлық бала жүр. 3-бүлдіршін :
Келіңдер, келіңдер Тақпақ айтып беріңдер. Жомарт Аяз атадан Сыйлық алып көріңдер. 4-бүлдіршін :
Дала нұр, қала нұр, Құтты болсын жаңа жыл! Кел жаңа жыл біздерге, Кел жаңа жыл, жаңа жыл.