- ДЫҢ СУРЕТІ ШЫҒАДЫ//ШАЛШЫҚ СУДЫҢ ЖАНЫНДА КӨКҚҰТАН ТҰРАДЫ// Тышқан : Қандай сасық. Әлемдегі ең жаман жер осы шығар.
Көкқұтан : Әлемдегі ең жақсы жер-осы. Суы тәтті, иісі жақсы.
Автор : Құрбақа, тышқан, құмырсқа тағы да ілгері қарай жүре берді. Олар сәске түсте о шеті мен
бұ шеті көз жеткісіз жазық далаға келіп жетті. Нағыз ми қайнатар ыстық басталды. Қалың көдеден
басқа көлеңке болар пана жоқ. Құрбақаның тамағы бүлкілдеп, таңдайы кепті.
//ТЫШҚАН, ҚҰМЫРСҚА, КҰРБАҚА АЛҒА ЖҮРУІН ТОҚТАТПАЙДЫ// ҮШЕУІ ТЕРІН СҮРТІП, ШАРШАП КЕЛЕДІ// АЛДАРЫНАН БОЗТОРҒАЙ ШЫҒАДЫ// Құрбақа : Қандай ыстық. Әлемдегі ең жаман жер осы шығар.
Бозторғай : Әлемдегі ең жақсы жер-осы.
//ҚҰРБАҚА, ТЫШҚАН, ҚҰМЫРСҚА ТАҒЫ ДА ІЛГЕРІ ҚАРАЙ ЖҮРІП КЕТТІ// Автор : Әлден уақытта аспанға қара бұлт үйіріліп, артынша-ақ қатты жауын жауды. Жердің
миы шығып, батпаққа айналды. Тышқан бауыры суға малынып, жүні сабалақтанып, дірдектеп тоңа
бастады. Ал құмырсқа болса, мүлдем әлі құрып, жүруден қалды.
//ЖАҢБЫРДЫҢ ДАУЫСЫ ҚОСЫЛАДЫ// ҮШ БАЛА ҚАРА БҰЛТТЫҢ СУРЕТІН ҰСТАП, САХНАНЫ АЙНАЛЫП ӨТЕДІ// ҚҰРБАҚА, ТЫШҚАН, ҚҰМЫРСҚА ШАРШАП КЕЛЕДІ// АЛДАРЫНАН ЖАУЫНҚҰРТЫ ШЫҒАДЫ// Құмырсқа : Жауыны қандай қатты еді. Әлемдегі ең жаман жер осы шығар.
Жауынқұрты : Жауынды жерге не жетсін!Әлемдегі ең жақсы жер-осы.
Автор : Құрбақа, тышқан, құмырсқа бұдан әрі ілгері жүрмеді. Кейін қайтты. Арып-ашып, іңір
қараңғысында өз мекен, өз қоныстарына әрең оралды.
//ТЫШҚАН ЗЫП БЕРІП ӨЗІНІҢ ІНІНЕ КІРЕДІ// ҚҰМЫРСҚА ӨЗ ИЛЕУІНЕ КЕЛЕДІ// ҚҰРБАҚА ДА ӨЗІНІҢ ОРНЫНА СЕКІРІП ТҮСЕДІ// Тышқан, құмырсқа, құрбақа : Әлемдегі ең жақсы орын-осы.
Автор : Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс – әркімнің өз мекені, өз жері екен.