Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


- ДЫҢ СУРЕТІ ШЫҒАДЫ//ШАЛШЫҚ СУДЫҢ



Pdf көрінісі
бет30/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99
Байланысты:
Китапша

-
ДЫҢ СУРЕТІ ШЫҒАДЫ//ШАЛШЫҚ СУДЫҢ 
ЖАНЫНДА КӨКҚҰТАН ТҰРАДЫ//
Тышқан
: Қандай сасық. Әлемдегі ең жаман жер осы шығар. 
Көкқұтан
: Әлемдегі ең жақсы жер-осы. Суы тәтті, иісі жақсы. 
Автор
: Құрбақа, тышқан, құмырсқа тағы да ілгері қарай жүре берді. Олар сәске түсте о шеті мен 
бұ шеті көз жеткісіз жазық далаға келіп жетті. Нағыз ми қайнатар ыстық басталды. Қалың көдеден 
басқа көлеңке болар пана жоқ. Құрбақаның тамағы бүлкілдеп, таңдайы кепті. 
//ТЫШҚАН, ҚҰМЫРСҚА, КҰРБАҚА АЛҒА ЖҮРУІН ТОҚТАТПАЙДЫ// ҮШЕУІ ТЕРІН 
СҮРТІП, ШАРШАП КЕЛЕДІ// АЛДАРЫНАН БОЗТОРҒАЙ ШЫҒАДЫ//
Құрбақа
: Қандай ыстық. Әлемдегі ең жаман жер осы шығар.
Бозторғай
: Әлемдегі ең жақсы жер-осы. 
//ҚҰРБАҚА, ТЫШҚАН, ҚҰМЫРСҚА ТАҒЫ ДА ІЛГЕРІ 
ҚАРАЙ ЖҮРІП КЕТТІ//
Автор
: Әлден уақытта аспанға қара бұлт үйіріліп, артынша-ақ қатты жауын жауды. Жердің 
миы шығып, батпаққа айналды. Тышқан бауыры суға малынып, жүні сабалақтанып, дірдектеп тоңа 
бастады. Ал құмырсқа болса, мүлдем әлі құрып, жүруден қалды. 
//ЖАҢБЫРДЫҢ ДАУЫСЫ ҚОСЫЛАДЫ// ҮШ БАЛА ҚАРА БҰЛТТЫҢ СУРЕТІН ҰСТАП, 
САХНАНЫ АЙНАЛЫП ӨТЕДІ// ҚҰРБАҚА, ТЫШҚАН, ҚҰМЫРСҚА ШАРШАП КЕЛЕДІ// 
АЛДАРЫНАН ЖАУЫНҚҰРТЫ ШЫҒАДЫ//
Құмырсқа
: Жауыны қандай қатты еді. Әлемдегі ең жаман жер осы шығар.
Жауынқұрты
: Жауынды жерге не жетсін!Әлемдегі ең жақсы жер-осы.
Автор
: Құрбақа, тышқан, құмырсқа бұдан әрі ілгері жүрмеді. Кейін қайтты. Арып-ашып, іңір 
қараңғысында өз мекен, өз қоныстарына әрең оралды.
//ТЫШҚАН ЗЫП БЕРІП ӨЗІНІҢ ІНІНЕ КІРЕДІ// ҚҰМЫРСҚА ӨЗ ИЛЕУІНЕ КЕЛЕДІ// 
ҚҰРБАҚА ДА ӨЗІНІҢ ОРНЫНА СЕКІРІП ТҮСЕДІ//
Тышқан, құмырсқа, құрбақа
: Әлемдегі ең жақсы орын-осы. 
Автор
: Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс – әркімнің өз мекені, өз жері екен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет