28
Музыкалық номер: «Қара жорға» биі
Барысы:
Балалар орындарынан тұрып, ортаға шахмат тізбегін құрып орналасады. «Қаражорға»
әні қосылады. Балалар тәрбиешімен бірге «Қаражорға» биін билейді. (
https://www.youtube.com/
watch?v=ZpdMyeVC08o
) Биден кейін балалар ортада жартылай шеңбер жасап тұрады.
Жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын!
Осымен «Туған жердің қадірі» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар!
//ОРТАҚ ФОТОҒА ТҮСУ РӘСІМІ//
«ХАНЗАДА МЕН ХАНШАЙЫМ» АТТЫ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ ЕРТЕҢГІЛІК
3+ жас аралығындағы тәрбиеленушілерге арналған сценарий
МАҚСАТЫ:
- Жаңа жыл мерекесінің өзге мерекелерден ерекшеліктері туралы түсінік беру. Ойын арқылы
пайдалы және зиян заттарды ажырата алуға үйрету.
- Өлең оқу арқылы сөйлеу тілін дамыту, мерекелік көріністер арқылы қарым - қатынасқа еркін
түсе білу қабілетін жетілдіру.
- Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада өзін мәдениетті ұстауға тәрбиелеу.
Достарыңызбен бөлісу: