Сценарийінің жиынтығЫ 2 Әож 373 кбж 74. 102 М 41 mangilik el jastary қоғамдық қоры М41


Жүргізуші : Міне, қызық. Сөзіңізге қарасақ, керемет ел екен. Ал сондай тәтті елден біздің бақшаға  не үшін келдіңіз? Сиқыршы



Pdf көрінісі
бет33/99
Дата12.12.2023
өлшемі3,36 Mb.
#196695
түріСценарий
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99
Байланысты:
Китапша

Жүргізуші
: Міне, қызық. Сөзіңізге қарасақ, керемет ел екен. Ал сондай тәтті елден біздің бақшаға 
не үшін келдіңіз?
Сиқыршы
: Тәттілэнд елінің кішкентай ханзадасы ер жетіп, ханшайымы бойжетіп кетіп қалды. 
Сондықтан біздің елге жаңа ханзада мен ханшайым керек. Оларды сіздің балабақшаңыздан тапсам ба 
деймін. 
Жүргізуші
: Біздің ханзадалар мен ханшайымдар өз балабақшамызға да керек. Сізге ертіп жібере 
алмаймыз. 
Сиқыршы
: Оны балалардың өздерінен сұрап көрейік. Балалар, Тәттілэндке барып, көп тәтті 
жегілерің келеді ме?
Балалар
: Иә, иә, иә!
ОРТАСЫ (8 МИНУТ):
Барысы
: Сиқыршы балалардың алдына үлкен қорап алып келеді. Қораптың ішінде ханзада мен 
ханшайымды таңдап алуға қажетті заттар болады. Сиқыршы алдымен қораптан бірнеше суреттерді 
алып шығады. 
Сиқыршы
: Тәттілэнд елінің ханзадасы мен ханшайымы өте білімді болу керек. Қанекей, 
балалар, білімдеріңді тексерейік. 
//СИҚЫРШЫ БАЛАЛАРҒА КЕЗЕК – КЕЗЕК ТҮРЛІ ЗАТТАРДЫҢ СУРЕТТЕРІН КӨРСЕТІП 
«БҰЛ НЕ?» ДЕП СҰРАЙДЫ// БАЛАЛАР КӨРГЕН ЗАТТЫҢ АТАУЫН АЙТАДЫ// МЫСАЛЫ: 
ШЫРША, ДОП, ОЙЫНШЫҚ, ОРЫНДЫҚ, Т.Б//
Сиқыршы
: Балалар, сендер барлығын біледі екенсіңдер ғой! Жарайды, ал сендер жаңа жыл 
туралы тақпақ білесіңдер ме?
//БАЛАЛАР ХОРМЕН «ИӘ» ДЕП ЖАУАП БЕРЕДІ//ОРТАҒА ТАҚПАҚ АЙТАТЫН 
БАЛАЛАР ШЫҒАДЫ//
1-бүлдіршін
:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.
2-бүлдіршін
:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында
Билеп барлық бала жүр.
3-бүлдіршін
:
Келіңдер, келіңдер
Тақпақ айтып беріңдер.
Жомарт Аяз атадан
Сыйлық алып көріңдер.
4-бүлдіршін
:
Дала нұр, қала нұр,
Құтты болсын жаңа жыл!
Кел жаңа жыл біздерге,
Кел жаңа жыл, жаңа жыл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет